Бас бетке өту
kolesa.kzҚазақстандағы автомобиль сату және сатып алуға арналған №1 платформа
Платформа жаңалықтары

Kolesa.kz автокөлікті тегін онлайн бағалау сервисін іске қосты
Жаңа ЖИ-сервис жүрілген көліктің ұсынылатын нарықтық бағасын 200 мың хабарландыруды талдау негізінде есептейді. Бағалаудан кейін хабарландыру автоматты түрде толтырылады: онда енгізілген сипаттамалар мен ұсынылатын баға бірден көрсетіледі.

250 млн хабарлама, 40 мың пікір және 6,5 млн хабарландыру: 2025 жыл Kolesa.kz үшін қандай болды
2025 жылы көлік сатып алу иелік ету тарихын тексеруден және пікірлерді оқудан басталады. Мұндай қорытындыға Kolesa.kz жыл қорытындысы бойынша келді, осы кезеңде сервис 35 мың онлайн-сауалнама өткізіп, пайдаланушылармен 500 жеке кездесу ұйымдастырған.
Күн сайын 1 миллион қазақстандық
автомобильдер, тауарлар мен қызметтерді сату, сатып алу үшін Kolesa.kz-ке кіреді. Олар өніміміздің барлық мүмкіндіктерін пайдаланады:
- қосымша жылжыту мүмкіндігімен тегін хабарландыру орналастыру (freemium және listing fee моделдері);
- лидогенерация;
- несиеге автомобиль сатып алу;
- автосалондардан жаңа көліктер каталогы;
- баннерлік жарнама.

Хабарландырулар (классифайд)
Kolesa.kz өнімінің жүрегі — сатушылар мен сатып алушылардың бір-бірін тауып, өзара хабар алысуына көмек беретін 1 000 000 жарияланған хабарландыру.

Жаңа автокөліктер
Қазақстандықтар Kolesa.kz-тен елдегі жаңа автомобильдер туралы нақты мәлімет:
- бірегей контент;
- біздің редакция түсірген шынайы фотолар мен видеошолулар;
- комплектациясын салыстыру және пікірлер табады.
Пайдаланушыларға жаңа автомобиль сатып алуға жәрдем береміз, ал бизнес-серіктестерімізге көлік сату үшін қажет құралдар:
- CRM;
- аналитика;
- қосымша жарнама мен клиент береміз.

Автокредит
Автокредит бойынша қандай шешім шыққанын 1 минутта онлайн біліп, кредит мақұлданған соң 1 күн ішінде көлік кілтін алуға мүмкіндік береміз.

Жарнама берушілерге
Kolesa.kz-те жарнама орналастыру туралы ақпарат
