Қазақстан мен Өзбекстанда №1 ІТ-өнімдерді жасаймыз
Біздің өнімдер миллиондаған адамдарға автокөлік, жылжымайтын мүлік, тауар және қызмет сатуға және сатып алуға көмектеседі.
Тарих
Kolesa.kz және Krisha.kz Веб-сайттары

Қарқынды даму кезеңі: жаңа бөлімшелер, IT, HR, маркетинг бөлімдері құрылды. Сату ауқымы кеңейіп, жарнама интеграциясы дамыды.

2006 жылы Kolesa.kz және Krisha.kz сайттары пайда болды. Бұл уақытта баспа басылымдары рекорд жасап жатқан. «Колёса», «Крыша» газеттері 50 мың дана тиражбен сатылды, әр нөмір бірнеше қалың дәптерден тұрды. 2007 жылы шыққан түрлі түсті фотохабарландырулар жарияланатын «Колёса-Фото» журналы 2011 жылы «Колёса-Почитать» деп аталатын толыққанды автомобиль журналына ұласты.

Ол кезде басылымның интернет нұсқалары компанияның негізгі өніміне айналатынын елестетудің өзі қиын еді.

Қазақстанда не болды?

2000 жылдардың басында елде ақша пайда болды. Жылжымайтын мүлік және автокөлік нарығы қарқындады. Белсендi құрылыс, Жапония мен Еуропадан шетелдік көліктерді жаппай жеткізу газет тиражының да ұлғаюына ықпал етті.

Прогресс пен технологиялар бір орында тұрмай, интернет көп адам қолдана алатын дәрежеге жетіп, қазнет дами бастады.