Кері қайту
Kоlesa
1 қазан 2026

Kolesa.kz автокөлікті тегін онлайн бағалау сервисін іске қосты

Жаңа ЖИ-сервис жүрілген көліктің ұсынылатын нарықтық бағасын 200 мың хабарландыруды талдау негізінде есептейді. Бағалаудан кейін хабарландыру автоматты түрде толтырылады: онда енгізілген сипаттамалар мен ұсынылатын баға бірден көрсетіледі.

Kolesa.kz «Автокөлікті бағалау» сервисін іске қосты. Бұл — Қазақстанда жүрілген автокөлігін сатуды жоспарлап отырғандарға арналған жасанды интеллект негізіндегі құрал. Сервис сұранысты ескере отырып, автокөліктің ұсынылатын нарықтық бағасын есептейді және оны тез әрі тиімді сатуға көмектеседі. 

«Автокөлікті бағалау» сервисі кімдерге арналған? 

«Автокөлікті бағалау» сервисі Kolesa.kz-ке хабарландыру жариялауға дайындалып жүрген сатушыларға арналған. Хабарландыру бермес бұрын сатушылар ондаған ұқсас ұсынысты зерттегенімен, көлігіне нақты қандай баға қою керектігіне сенімді бола бермейді. Сервис 200 мың хабарландыруды талдап, көліктің жүрілген жолын, сатылатын қаласын және нарықтағы сұранысты ескере отырып, бірнеше минут ішінде бағасына бағдар береді. 

Автокөлікті онлайн қалай бағалауға болады: бағалаудан хабарландыруға дейін 

  1. Kolesa.kz қосымшасының басты бетінен «Автокөлікті бағалау» баннерін басыңыз.
  2. Автокөліктің сипаттамаларын енгізіңіз: маркасы, моделі, шығарылған жылы, жүрілген жолы және қаласы. Қосымша ретінде қозғалтқыш түрін, беріліс қорабын және жиынтықтамасын көрсетіңіз — сонда ұсынылатын баға диапазоны дәлірек болады.
  3. Сервис енгізілген деректерді талдап, ұсынылатын баға диапазонын көрсетеді.
  4. Егер ұсынылған баға сәйкес келсе, «Хабарландыру беру» батырмасын басыңыз. Автокөліктің сипаттамалары мен ұсынылатын бағасы хабарландыру формасына автоматты түрде енгізіледі, содан кейін хабарландыруды бірден жариялауға болады.

«Сатушылар көлігінің қазіргі нарықтық бағасын жиі білмей жатады. Біреулер бағаны төмен қойып, табысынан қағылады, ал енді біреулер тым жоғары баға белгілеп, сатып алушыны ұзақ күтеді. «Автокөлікті бағалау» сервисі осы мәселені шешуге көмектеседі: ол нарықтағы нақты деректерге негізделген», — деп атап өтті Kolesa.kz өкілдері.

Kolesa.kz қосымшасын күн сайын 1 миллион қазақстандық пайдаланады, ал платформада автокөлік сатуға арналған жүздеген мың хабарландыру жарияланған. Енді сатушыларда сатуды жеңілдетуге және нарықтық деректерге негізделген бағаны белгілеуге көмектесетін құрал бар. Сервисті қазір Kolesa.kz мобильді қосымшасында тегін пайдаланып көруге болады.

Тэгтер:
Kоlesa
Бөлісу

Компанияның толық тарихы — арнайы жобада

Арнайы жобаны ашу