Қазақстанда дизайнерлер қанша табыс табады?
Kolesa Group Қазақтанда 2025 жылы графикалық және өнімдер дизайнерлерінің нарығына сандық зерттеу жүргізді.

Зерттеу әдістемесі
Онлайн-сауалнама және еңбек ақы туралы деректерді талдау. junior бастап senior дейін әр алуан деңгейдегі 218 маман, оның ішінде, басшылар және тимлидтер сауалнамаға қатысқан.
Нарықтағы ахуал
Дизайнерлер нарығы әлі де бұрынғыдай ірі қалаларда - бірінші кезекте Алматы және Астана қалаларында шоғырланған, аталған салада басым түрде әйел адамдар жұмыс істейді (55%). Өткен жылмен салыстырғанда senior-мамандардың үлесі артқан.





Салалар және компаниялар типтері
Өнімдер дизайнерлері IT-компанияларда және қаржы секторында жұмыс істейді, ал графикалық дизайнерлер дизайн-агентсттіктер мен ІТ-саласынан тыс жұмыс істейді.


Еңбек ақы төлемі және сыйақы деңгейі
Өнімдер дизайнерлерінің қатарында еңбек Middle–Senior деңгейінде еңбек ақының біршама жоғарылауы байқалады, ал графикалық дизайнерлердің динамикасы өзгеше болып отыр.
Мамандардың басым көпшілігі, олар жұмыс істейтін компанияларда сыйақы жоқ екенін немесе жылдық бонустар түрінде берілетінін атап көрсеткен.





Жұмыс форматы және процестер
Кеңседегі жұмыс нысаны кең таралған — 32%. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш — 37%.

2024 жылғы зерттеу қорытындылары бойынша грейдтеу жүйесі ұйымдардың 36% болған, 41% оның жоқ екенін көрсеткен. Осы жылы грейдтер жүйесі бар компаниялар үлесі 37% құрайды, ал ұйымдардың 40% аталған жүйе әлі күнге жоқ.

Міндеттер және негізгі дағдылар
Графикалық дизайнерлер негізінен визуалды контентпен: жарнама материалдары, әлеуметтік желілер, презентациялар және баспа өнімдерімен жұмыс істейді.
Негізгі дағдылары— аналитикалық ойлау, бизнестің міндеттерін ұғыну және орындау сапасы.


Өнімдер дизайнерлері пайдалану сценарийлеріне, интерфейстер жобалауға және әзірлеушілер топтарымен өзара әрекеттестікке бағдарланады. Олар үшін өнімдік болжамдар, аналитика және стратегиялық ойлау маңызды болады.


AI пайдалану және оқу
AI-құралдар дизайнерлердің күнделікті жұмысының бір бөлігіне айналған. Өнімдер дизайнерлерінің 91% көбінесе мәтінді генерациялау үшін ЖИ пайдаланады, ал графикалық дизайнерлердің 95% ЖИ кескіндерді генерациялау үшін қолданады.

Жұмыс берушілерлің 42% өнім дизайнерлерінің жұмыс уақытында оқуын қолдайды. Ал графикалық дизайнерлер өз оқуын көбінесе дербес түрде ұйымдастыратыны анықталды.

Дизайнерлер қандай компанияларда жұмыс істеуді қалайды
Өнім дизайнерлері халықаралық және ірі ІТ-компанияларға бағдарланады. Графикалық дизайнерлер - мықты жергілікті және халықаралық брендтерді қалайды.


Басқа компаниялар тізімінде — Zimran, Bereke Bank, Halyk Bank, EPAM, Kaspi болды.
Дизайнерлер 2025 жылы қандай кедергілерге тап болды?
Дизайнерлер басым түрде келесі мәселелерді атап көрсетті:
- шектен тыс бюрократия,
- анық емес және құбылмалы талаптар,
- мерзімдер және шаршау

Бұл көрсеткіштер нені білдіреді?
Қазақстандағы дизайнерлер нарығы белсенді даму үстінде.
Бүгінгі күні дизайнерлер үшін еңбек ақыдан бөлек процестердің ашықтығы, талаптардың нақтылығы және мерзімнің ақылға қонымдылығы маңызды болып отыр. Оқыту және АІ-құралдарды пайдалануды қолдаудың да маңызы зор. Ірі және танымал компаниялар өнімдер дизайнерлерін, ал мықты жергілікті брендтер - графикалық дизайнерлерді қызықтырады.
Жұмыс берушілердің дизайнерлер компаниямен бірге өсіп және дамуы үшін қажетті жағдай жасауы маңызды.