Кері қайту
Тех.мақалалар
2 сәуір 2026

Әзірлеушілер мен QA-инженерлер қанша табады?

Kolesa Group 2025 жылғы зерттеуі

Kolesa Group нарықтағы өзгерістерді, қандай бағыттардың басқаларынан озық дамып келе жатқанын және әзірлеушілер мен  QA-мамандарына бүгінгі күні жұмыс берушіні таңдауда не маңызды екенін анықтау мақсатында Қазақстандағы ІТ-мамандар нарығына зерттеу жүргізді.

Зерттеу әдістемесі

Зерттеу онлайн-сауалнама және еңбек ақыларын талдау нысанында жүргізілді.

Оған junior  бастап  head және director дейін әр түрлі деңгейлердегі 575 маман қатысты.

Демографиялық деректер

Мамандарының 55% еңбек өтілі 3 жылдан асады. Респонденттердің  83% - ер адамдар, ал олардың 67% Алматыда жұмыс істейді.

Маңызды: бұл деректер Қазақстандаңы жалпы әзірлекшілер нарығын емес, зерттелген респонденттердің бейнесін көрсетеді.

IT-мамандар қандай бағыттарда жұмыс істейді

Компаниялардың топ-3 бағыттары:

  • Азық-түлік компаниялары — 41%
  • Қаржы және банк ісі  — 28%
  • Аутсорсинг — 11%

Өткен жылмен   салыстырғанда азық-түліктік компаниялардың үлесі 3% артқан. 

Мамандардың 66% қазақстандық компанияларда жұмыс істейді.

Жұмыс форматы

37% кеңседе жалдамалы жұмыс істейді, 35% - аралас нысанда жұмыс істейді.

Грейдтер және мансап құрылымы

Компаниялардың 59%  грейдтер жүйесін пайдаланады.

Өткен жылмен  салыстырғанда:

  • Грейдтер қалыптасатын компаниялар саны  5% артты
  • Middle-мамандар үлесі 9% артты
  • Middle деңгейінде  тәжірибесі 5+ жыл мамандар саны артты

2025 жылғы еңбек ақы

Көптеген мамандардың еңбек ақылары 600–900 мың теңге аралығында. Ең жлғары еңбек ақы  Backend және DevOps — 4+ млн теңгеге дейін жетеді.

 

Бонустар және даму

Жылдық бонустар беретін компаниялардың саны өткен жылмен салыстырғанда  10% көбейген.

Мамандардың 38%  жұмыс уақытында, компания есебінен оқуда,  16% — жұмыстан тыс уақытта жұмыс беруші есебінен оқуда. 

 

Жұмыс берушіні таңдауда не маңызды

Топ-3 фактор (барлық бағыттар бойынша):

  1. Еңбек ақы және әлеуметтік пакет — 83%
  2. Қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі — 52%
  3. Мықты команда — 45%

 

Бағдарламалау тілдері

Бағыттар бойынша көш бастап тұрған бағдарламалау тілдері:

  • Backend – Go, PHP
  • Frontend – JavaScript
  • DevOps – Python
  • Android — Kotlin
  • iOS – Swift
  • Web QA – Python, JavaScript
  • Mobile QA – Kotlin
  • Fullstack QA – Python

 

 

 

Зерттеу нәтижелері

Қазақстандағы әзірлеушілер мен QA нарығының бәсекеге қабілеттілігі артып келеді:  тәжірибесі бар мамандардың саны көбейген.

Мамандар жұмыс берушіні  таңдау барысында бірінші кезекте еңбек ақыға және жұмыс нысанына қарайды. Басқа факторлар қатарында - мықты команда, инженерлік мәдениет, оқу және қызықты өнім.

Осындай факторларды ескеретін компаниялардың мықты команда және өнім қалыптастыруға мүмкіндігі көбірек.

Бөлісу