Kolesa Group 30 жылдығына орай Аққумен бірікті: жол мен үй тақырыбындағы мерейтойлық газеттер мен арнайы мәзір
28 тамызға дейін кафе қонақтары арнайы мәзірдегі тағамдардан дәм татып, компания тарихы бастау алған «Крыша» және «Колёса» газеттерінің мерейтойлық баспа нөмірлерін парақтай алады.

Коллаборация туралы
30 жыл ішінде Kolesa Group қағаз газеттерден бүгінде ай сайын 13 миллион қазақстандық пайдаланатын қосымшаларға дейінгі жолды жүріп өтті. Мерейтойға орай компания біраз уақытқа тарихтың бастауына қайта оралып, газетті қайта басып шығаруды шешті. Ал бастауға қайта оралу керек болса, тарихы сондай терең орынмен бірге оралған жөн: осылайша Аққумен коллаборация жасау идеясы дүниеге келді. Алматының бұл ерекше кафесі көп жыл үзілістен кейін келушілер үшін қайтадан есігін айқара ашқан болатын.
«Біз үшін қонақтардың газетті жай ғана көріп қана қоймай, сол дәуірдің атмосферасын сезінгені маңызды болды — жайғасып, тағамға тапсырыс беріп, тарих беттерін асықпай парақтаса екен дедік», — деп атап өтті Kolesa Group.
Компания тарихы туралы толығырақ «Kolesa Group: 30 жыл» арнайы жобасында

Коллаборация мәзірі туралы
Kolesa Group компаниясы Аққумен бірге арнайы шектеулі мәзір әзірледі. Әр тағам компанияның брендтерінің бірімен және жол немесе үй тақырыбымен үндеседі:
- Автокәуап 4×4 (Kolesa.kz) — отта піскен шырынды кәуап, үйреншікті бағытыңыздан әдейі бұрылып келуге тұрарлық ерекше дәм. Жұмыс күндері 12:00-ден бастап беріледі. Демалыс күндері — 13:00-ден бастап.
- Nitro 95 (Kolesa.kz) — барқыттай жұмсақ құрылымы бар, толық бакқа жетерлік қуат беретін салқын нитро-кофе. 10:00-ден бастап беріледі.
- Алма ағашы бар үй (Krisha.kz) — үй жылуын сезінуден басталатын сол бір таныс хош иісті жылы алма бәліші.
- «Қоныс тойға» печеньесі (Krisha.kz) — кез келген жерге жылылық сыйлайтын шағын тарту іспетті, шектеулі топтамадағы үйдегіше дайындалған печенье.

«Қонақтарды қарсы алып, мерейтойды олармен бірге атап өтетінімізге қуаныштымыз. 30 жыл — кез келген жоба үшін үлкен белес, ал бұл мерейтойды кафеміздің тарихымен байланыстыру біз үшін ерекше мәнге ие болды», — деп атап өтті Аққу кафесінің өкілдері.
Мәзір 28 тамызға дейін қолжетімді: оны мерейтойлық газет нөмірлерімен бірге Алматыдағы Аққу кафесінен табуға болады.