Бес мың адам Астанадағы Digital Bridge көрмесінде Kolesa Group стендіне келді
Kolesa Group компаниясы Krisha.kz сайтында тұрғын үйді онлайн-брондау және Kolesa.kz сайтында «Авто тарихы» қызметі сияқты жаңа технологиялық өнімдерді таныстырды.

Сондай-ақ платформаларды дамытуда машиналық оқыту мен генеративті жасанды интеллектті қолдану туралы айтып берді.
Стенд Kolesa Group-тың екі қазақстандық өнімін — Krisha.kz пен Kolesa.kz-ті біріктірді. Келушілер интерактивті LED-аймақтар арқылы өнімдермен танысып, шағын ойындар ойнап, фирмалық мерч алды.
Стенд IT-компаниялар Аллеясының назар аударатын нүктелерінің біріне айналды — үш күн ішінде онымен 5 000-нан астам адам өзара әрекеттесті.
Форум қонақтары стендте сервистердің жаңа мүмкіндіктерін алғашқылардың бірі болып көре алды. Krisha.kz сайтындағы онлайн-брондау — тәуліктік жалға алу бойынша жаңа сервис, оның көмегімен Алматы немесе Астанада қажетті күндерге пәтер таңдап, оны бірнеше рет басып қана онлайн-брондап, сервис ішінде қауіпсіз төлем жасауға болады.
Kolesa.kz платформасы «Авто тарихы» сервисін жаңартты — енді пайдаланушылар автомобильдердің иелік ету тарихы туралы деректерін тек Қазақстанда ғана емес, Ресей аумағында да тексере алады.
Сервисте автомобильдің жағдайы мен тарихын бағалауға болатын 10-нан астам параметр қолжетімді. Бұл жаңарту Kolesa Group-тың екінші нарықтағы мәмілелердің ашық және қауіпсіз нарығын қалыптастыру стратегиясының бір бөлігі болды.
Kolesa Group командасы ML-шешімдерді өнімдерге 2018 жылдан бері енгізіп келеді. Күн сайын миллиондаған хабарландырудың модерациясына жарияланымдардың алаң ережелеріне сәйкестігін тексеретін модель жауап береді. Жасанды интеллект алгоритмдері жеке көрсетілімді қалыптастырып, пайдаланушыларға олардың қызығушылықтарына барынша сәйкес келетін хабарландыруларды көрсетеді. Осының арқасында іздеу дәлдігі мен екі платформаның да пайдаланушылық тәжірибесінің сапасы артады.
Krisha.kz сайтындағы ең танымал функциялардың бірі — жылжымайтын мүлікті бағалау. Ол жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді: жүйе мыңдаған ұқсас пәтерді салыстырып, тұрғын үйдің нақты қанша тұруы мүмкін екенін көрсетеді.
Нәтижеге аудан мен салынған жылынан бастап жөндеу мен жиһаздың бар-жоғына дейінгі ондаған фактор әсер етеді. Осының арқасында тегін бағалау барынша дәл әрі пайдалы болып шығады.
Kolesa Group өнімдеріндегі жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларының дамуы туралы компанияның CPO-сы Александр Нагорный Digital Bridge форумындағы «Бизнес өсімінің құралдары: BigTech ЖИ қолдануын қалай көреді» атты панельдік сессиясында айтып берді.
«Біздің өнімдеріміздегі жасанды интеллект білдірмей жұмыс істейді: ол пәтерлердің құнын бағалайды, хабарландыруларды модерациялауды жеделдетеді және ең орынды нұсқаларды таңдайды. Біз ЖИ-ді 2018 жылы енгізе бастадық, және де бүгінгі таңда миллиондаған адам оны пайдаланып жүргенін түсінбейді де. Жасанды интеллектінің ең жақсысы — өмірді жайлы ететіні. Бірақ маңыздысы: технологиялар адаммен қарым-қатынасты алмастырмайды. Пәтерді бәрібір адамнан сатып аласыз, роботтан емес», — деп атап өтті Александр Нагорный.
Digital Bridge 2025-ке қатысу Kolesa Group үшін қазақстандықтардың 30 жылға жуық уақыт бойы пайдаланып келе жатқан технологиялық жетістіктері мен жаңа өнімдерін көрсету мүмкіндігі болды.