Автомобильдің тарихын қалай бір шертіп білуге болады?
Kolesa.kz жаңа қызметті іске қосты — «Авто тарихы» туралы есеп.

Қазақстандықтар автомобильдің тарихын алғашқы таныстыққа дейін біле алады. Барлық ақпарат — қолданбаның өзіндегі түсінікті бір есепте.
«Авто тарихы» автомобильді алдын ала тексеруге мүмкіндік береді: заң жағынан тазалық, ЖКО-ға қатысы, автомобильдің қанша иесі болғаны, жүрген жолы, кәдеге жарату алымы және тіпті баға болжамы — бәрі бір жерде.
Егер сатушы автомобиль деректерін көрсеткен болса, есеп қолжетімді болады. Мұндай машиналарды тану оңай — хабарландыруда арнайы белгі пайда болады. Есебі бар ұсыныстарды көбірек табу үшін іздеу жолындағы жеке сүзгіні пайдалану керек.
Есеп қорғалған арна арқылы жасалады — техпаспорт деректері иесіздендіріліп, Kolesa.kz арқылы өңделеді. Бұл сатушының жеке ақпаратын қорғайды және алаяқтық қатерін азайтады.
Есепте көліктің ЖКО-ға қатысы бар-жоғын көруге болады, бұл жасырын ақаулардан сезіктенуге мүмкіндік беретін бірнеше функцияның бірі.
Есептің басты құндылығы — бағаның өзгеруін болжау мүмкіндігі. Kolesa.kz аналитикасы алдағы 3 айдың бағасы мен нақты бір автомобильдің орташа бағасын көрсетеді. Бұл ұсынысты дұрыс бағалауға және автомобильді қашан тиімді сатуға немесе сатып алуға болатынын түсінуге көмектеседі.
Есептің қалай жұмыс істейтінін және оған не кіретінін сілтеме арқылы толығырақ оқыңыз.