Кері қайту
Митаптар
2 сәуір 2024

Kolesa JunDay 2024: Алматыда студенттерге арналған IT іс-шарасы өтеді

IT-дегі сарапшылармен тікелей сөйлесуге тамаша мүмкіндік. Ивент тегін

27 сәуірде Алматыда Kolesa JunDay 2024 — қазақстандық студенттерге арналған ең ірі әрі пайдалы IТ іс-шарасы өтеді. Тағы кімге пайдалы болуы мүмкін: IТ-ге келгісі келетін, бірақ бағытын әлі анықтамағандарға.

Ивентте 8 трендтік айти-бағыт бойынша баяндама болады:

- backend
- product design
- HR in IT
- QA
- development
- product-менеджмент
- UX-зерттеулер
- DevOps.

Қатысушыларды Kolesa Group-тың тәжірибелі мамандардан жұмыс кейстері күтеді, олармен тікелей сөйлесуге, сараптама алуға мүмкіндік болады. Ивент жаңадан бастап жатқандарға не қызық екенін түсініп, дамуына бағыт таңдауға көмектеседі.

Kolesa JunDay 2024-тің студенттерге беретін мүмкіндіктері:

- IT-дегі танымал бағыттар туралы спикерлерден тікелей білу;
- өз дағдыларын қалай бағалау керектігін және жолын неден бастау керектігін түсіну;
- пікірлес адамдармен, сондай-ақ Kolesa Group сарапшыларымен сөйлесу.

Қазақстандық компаниялар нарықты көбірек қаржыландыра бастады: өз командаларын сараптау және қолдау есебінен отандық мамандарды оқыту. Kolesa Group бұны 2016 жылдан бері істеп келеді.

Kolesa JunDay 2024 27 сәуірде Алматыда, «Forum», 5-қабат, Event Space (Сейфуллин даңғылы
617) мекенжайы бойынша өтеді.

Қатысу тегін, бірақ орындар саны шектеулі, сондықтан тіркелу қажет.

Тэгтер:
Бөлісу