Кері қайту
Митаптар
11 қазан 2023

Kolesa Conf’23: Алматыда алғаш рет екі тілді ІТ-конференция өтті

Конференция офлайнда 900 адам жинады, ал онлайнда — мыңдаған

7 қазанда Kolesa Group Қазақстанның IT-қоғамдастығын біріктіретін және дамытатын кезекті жыл сайынғы Kolesa Conf IT-конференциясын өткізді. Бұл жерде әзірлеушілер, менеджерлер, data-мамандар, QA-инженерлер, стартаперлер және Қазақстан мен ТМД IT-қоғамдастығының басқа да өкілдері білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Бір күнде ІТ-бағыты бойынша төрт лек болды, олар: Management, Web, Datа және Mobile. Конференцияға 900-ден астам адам офлайн қатысып, мыңдаған көрермен онлайн-форматты тамашалады.


Осындай ауқымдағы ІТ-іс-шара алғаш рет екі тілде өтті. Kolesa Conf 2023 барлық төрт лекте де қазақ тілді баяндамалар болды. Ұйымдастырушылар адамдар өздерінің қабылдауына үйреншікті тілдегі контентті қолдана алуы үшін ілеспе аударма жасады. 

Бүкіл Қазақстан бойынша 6 IT-хаб Kolesa Conf'23 тікелей эфирін ұйымдастырды. Осылайша конференцияны Қарағанды, Семей, Петропавл, Түркістан, Жаңаөзен және Талдықорған қалаларының IT-қоғамдастықтары көрді. Арнайы Kolesa Conf'23-ке спикерлер мен қонақтар ТМД елдерінен ғана емес, АҚШ-тан да ұшып келді.

Kolesa Group оқыту және дамыту бөлімінің жетекшісі Кристина Абдраимова маңызды іс-шара ұйымдастырушыларының бірі болып сөз сөйледі:

Біз бес жыл қатарынан Kolesa Conf — Қазақстандағы ең ауқымды IT-конференциясын өткізіп келеміз. Осы жылы ол жаңа деңгейге шықты – алғаш рет конференция екі тілде: орыс және қазақ тілдерінде өтті.

Біздің алаң әртүрлі IT-компаниялардың өкілдерінің басын қосып, білім мен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік береді. Конференциямыздың арқасында әрбір қатысушы өз жобаларына жаңа және пайдалы нәрсе қосатынына және Қазақстанда күшті IT-өнімдердің одан да көп болатынына сенімдімін.

Осы жылы Kolesa Conf'23-ті басқа да ірі компаниялар қолдады, соның арқасында конференция бұрынғыдан да қызықты болды. Бас серіктес — Visa, серіктестер — Citix және Lerna.

Орта Азия мен Әзірбайжан елдеріндегі Visa Direct платформасының директоры Санжар Сүлейманов:

Біз еліміздегі IT-саласының мыңдаған дарынды өкілдерінің басын қосатын үлкен конференциялардың бірін қуана-қуана қолдаймыз. Visa-да инновациялық шешімдер мен технологиялар арқылы кез келген ауқымдағы компанияларға бизнесті дамытуға көмектесуге тырысамыз. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың қатарында Visa everywhere Initiative стартаптарына арналған жыл сайынғы ауқымды конкурс бар. Соның аясында қатысушылар төлемдер мен коммерция саласындағы болашақтың міндеттерін шешу үшін өздерінің озық өнімдерін ұсынады. Конкурстың жаңа толқынында біз қазақстандық стартаптардан көптеген өтінімдерді көреміз деп үміттенеміз.

Офлайндағы көрермендер үшін тегін импровизацияланған кофехана, фото аймақ, сондай-ақ IT-тақырыбындағы белсенділіктер және т. б. жабдықталған. Онлайн-көрермендерді де ұмытқан жоқпыз: олар да спикерлерге сұрақтарын қойды, ойындарға қатысты.

Онлайн-бағдарламалау мектебінің негізін қалаушы Хекслет Кирилл Мокевнин Web легінің спикері болып сөз сөйледі:

Kolesa Conf — бұл біліммен және тәжірибемен алмасатын керемет алаң. Ұйымдастыру жоғары деңгейде болды: логистикадан бастап, баяндамалар таймингіне дейін. Спикерлер мен олардың баяндамалары жоғары деңгейде және қызық, тартымды тақырыпта болды.

Аудиторияны ерекше атап өткім келеді – құштарлықтары керемет болды. Мен баяндамамнан кейін көп кері байланыс алдым, бұл әрқашан өте құнды. Ұйымдастырушыларға сөз сөйлеу үшін бізді шақырғандарына алғыс айтамын. Kolesa Conf конференциясына бару мен үшін жыл сайынғы жақсы дәстүрге айналады деп сенемін.

Kolesa Conf’23 көрермендері де өз әсерлерімен бөлісті.

CEO FINANCE.kz Андрей Чеботарёв Kolesa Conf сияқты конференциялар – Қазақстанның бүкіл нарығына пайдасы тиетіндіге сенімді:

Бұрын еліміздегі көптеген адамдар бағдарламашы емес, мұнайшы болғысы келді. Қазақстан, мысалы, Украина мен Беларусьте бұрын болған ІТ қарқынды даму кезеңін өткізіп алды. Дәл қазір елде ІТ белсенді түрде дамып жатқаны – өте күшті әрі пайдалы. Осындай іс-шаралар қазіргі сәтте айтарлықтай аз болатын елдің ЖІӨ-дегі IT-сектордың үлесін арттыруға көмектеседі деп үміттенемін.

Beeline Қазақстан өнімдерін дамыту жөніндегі директоры Салтанат Жанұзақова:

Kolesa Team-ға жыл сайын ТМД-ның үздік IT-компанияларының топ спикерлерімен тамаша IT-коммьюнити жинайтыны үшін алғыс айтамыз. Осының арқасында өз ой-өрісіңізді кеңейте аласыз: стартаптар мен корпорациялардың қалай қозғалатынын білесіз. Ұйымдастыру жоғары деңгейде, жыл сайын жақсарып келеді, бұған жарқын дәлел – билеттер өте тез сатылуда.

STRONG компаниясының Head of Engineering Азамат Қалмұрзаев да өз әсерімен бөлісті:

Kolesa Conf барлығына дерлік пайдалы. Менің ойымша, мұнда жасы үлкендер нетворкинг үшін, ал жасы кішілер білім алуға келді. Ең күштісі конференц-румдардың сыртында болады деп ойлаймын: ортақ залда көптеген қарым-қатынас, танысу, тәжірибе алмасу. Жыл сайын Kolesa Conf конференциясына келіп тұрамын.

Арнайы конференция көрермендері үшін ұйымдастырушылар Kolesa Podcast шығарылымын түсіріп, баяндамалар арасындағы үлкен үзілісте көрсетті. Офлайн-дағы, онлайн-дағы жеңімпаздар Kolesa Conf'23 ұсынған брендтелген мерчпен, сондай-ақ конференция серіктестерінің жүлделерімен марапатталды.

Тэгтер:
Бөлісу