Кері қайту
Митаптар
22 қазан 2024

Kolesa Conf 2024: Алматыда ірі IT-конференция өтті

Биыл ивент офлайнда 1600 адамды жинады

Жуырда Алматыда Kolesa Conf 2024 өтті. Бұл Қазақстандағы IT-қоғамдастығының басын қосып, дамытатын ірі конференция.

Бір күнде IT-бағыттар бойынша төрт ағын болды: Management, Web, Datа және Mobile. Биыл Kolesa Conf офлайн форматта өтті, ивент 1600 адамды жинады. Спикерлер мен қонақтар конференция үшін арнайы Қазақстанның басқа қалаларынан, ал кейбір спикерлер ТМД мен
Еуропаның басқа елдерінен келді.

Kolesa Conf-тың негізгі құндылығы — тікелей қарым-қатынас пен тиімді коммуникация. Конференция бағдарламасы әр қатысушы өзіне қызықты нәрсе табатындай етіп құрылған.

Биылғы ивентте жаңа нәрседен сарапшылардың аудиториямен — QA, Design, HR бойынша шағын жанды тілдесу өткізіп көрдік, сондай-ақ C-level Sergek Group, Beeline Қазақстан, Kolesa Group және Drinkit Kazakhstan сөз сөйлеген Management ағынында панельдік сессия жасап көрдік.

Kolesa Conf-ты басқа да ірі компаниялар қолдады, соның арқасында конференция қызығырақ өтті: PS.kz және Lerna. 

Kolesa Group-тың event-менеджері Арайлым Қожанова Kolesa Conf 2024-тің бас ұйымдастырушысы болды.

«Біз конференция қатысушыларының жайлылығына ерекше көңіл бөлдік. Дизайнерлермен бірге customer experience пен ғимараттың іші мен сыртына қатысушыларға навигация ретінде туларды, баннерлерді, нұсқағыштарды жақсылап әзірлеп қойдық. 

Алматыда төрт бөлек залы мен нетворкинг пен белсенділіктер өткізуге жеткілікті кеңістігі бар локацияны табу қиын. Бақшасарайда үш зал бар, ал бізде төрт ағын. Сондықтан Management пен Web ағындары бір-біріне кедергі келтірмес үшін үлкен залды екі кішірек залға бөлдік. Биіктігі 8 м және ені 22 м шуыл өткізбейтін қабырға жасап беретін құрылысшыларды таптық. Қабырғаны 30 сағат бойы үзіліссіз қалап берді».

Ивент көрермендері де әсерлерімен бөлісті. Мысалы, Ғалымжан Айтқалиев, Turkistan IT Hub-тың IOS-әзірлеушісі, Kolesa Conf-қа шабыт алу үшін келеді.

«Мен бес жыл бойы инженер-мұнайшы болып жұмыс істедім. 2023 жылы IT-ге ауысуға шешім қабылдадым: iOS-әзірлеушіге оқыдым. Аутсорста біраз жұмыс істеп, шамамен бір жыл бұрын Astana hub-тың аймақтық филиалына менеджерлік позицияға ауыстым. Turkistan IT Hub-та IT мен стартап-мәдениетті дамытамын.

Мен Kolesa Conf сияқты конференциялардан шабыт аламын, басқа қалалардан арнайы келемін. Баяндамалардан бөлек, нетворкинг пен осындағы атмосфера үшін келемін. Осы білім мен вайбты мен Turkistan IT Hub-қа апаруға тырысамын. Бүкіл Қазақстандағыдай Түркістанда да дарынды адамдар көп, мен оларға мотивация беруге
тырысамын».

Bereke Bank-те Head of Web & Mobile Development лауазымындағы Никита Баев, Kolesa Conf-тың сандық әрі сапалы өскенін атап өтті.

«Спикерлердің — мықты жергілікті және шетелдік сарапшылардың баяндамаларды дайындау сапасы мен деңгейі әсер қалдырды. Мен өзім де митаптармен айналысамын, себебі Қазақстандағы frontend- әзірлеушілер қауымдастығын дамытамын. Және де үлкен конференцияны ұйымдастырудың қаншалықты қиын екенін жеке тәжірибемнен білемін.

Kolesa Conf-қа жыл сайын қатысамын және қатысушылар санының әрдайым өсіп келе жатқанына, ұйымдастыру деңгейінің жақсарып жатқанына және дарынды әрі шабыттанған джундардың көбейіп жатқанына қуанып тұрмын».

Бір жыл бұрынғыдай конференция екі тілде өтті: қазақ және орыс. Ұйымдастырушылар көрермендер контентті өздеріне үйреншікті тілде қабылдауы үшін синхронды аударманы қарастырды.

Белсенді көрермендер Kolesa Conf’24 брендтелген мерчімен, сондай-ақ конференция серіктестері мен спикерлерінің жүлделерімен марапатталды.

Тэгтер:
Митаптар
Бөлісу