Кері қайту
Krishа
17 желтоқсан 2025

Риелторларға арналған вебинар: Krisha.kz 2025 жылы сәтті мәмілелер жасауға көмектесетін трендтер мен құралдармен бөлісті

Қазақстанның мүлік нарығындағы ірі платформа Krisha.kz «2025-те риелторларға арналған өсу нүктесі» тақырыбына вебинар өткізді.

Онлайн-іс-шара аясында платформа сарапшысы Имран Османов мүлік нарығындағы өзекті деректермен, баға мен сұраныс бойынша аналитикамен бөлісті, сондай-ақ риелторлардың жұмыс тиімділігін артыруға көмектесетін заманауи құралдар туралы айтып берді.

Krisha.kz деректері бойынша Қазақстанда екі немесе үш бөлмелі пәтерлерге үлкен сұраныс бар. Бұндайда Алматы мен Астанада көбінесе аумағы 40–50 ш.м. болатын нысандар ізделеді, ал аймақтарда 50 ш.м. асатын кеңдеу тұрғын үйге сұраныс көбірек.

Баға бойынша Алматыдағы сатып алушылардың айтарлықтай қызығушылығы 10–20 млн теңге аралығындағы баға сегментіне шоғырланған — мұндай пәтерлерге пайдаланушылардың үштен бірінен көбі қызығушылық танытады. Астанадағы жағдай сәл өзгеше: мұнда 20–30 млн теңгелік сегмент бірінші орында.  Аймақтарда негізгі сұраныс 5 млн теңгеге дейінгі ең қолжетімді сегментке келеді — бүкіл сұраныстың шамамен төрттен бірі.

Мұндағы айта кететіні – деректер адамдар қандай баға мен шаршы метрге қызығатынын көрсетеді, ал нақты сатып алу көрсеткіші өзгеше болуы мүмкін.

Вебинардың жеке бір блогы Krisha Plus Business құралдарына арналды.

Krisha Plus Business — риелторларға арналған кәсіби жазылым. Сервис мүлік нарығы кәсіпқойларының күнделікті міндеттерін жеңілдететін Krisha.kz платформасының кеңейтілген мүмкіндіктерін қолжетімді етеді.

Жазылымның басты артықшылықтарының арасында:

  • Бағаның өзгеру кестесі. Нысанның бағасы әр уақытта қалай өзгергенін қадағалауға және осы деректерді клиенттермен келіссөз жүргізген кезде пайдалануға мүмкіндік береді.
     
  • Топтамалар. Жұмыс процесін хабарландыруларды клиенттер, нысандардың сипаттамалары немесе орналасқан жері бойынша топтастыра отырып, жүйелеуге көмектеседі.
     
  • Архивтік хабарландырулар. Мүлік сату туралы ірі хабарландырулар базасын лимитсіз қолжетімді етеді, бұл нарықты талдауға және әлеуетті клиенттерді іздеуге мүмкіндік береді.

«Krisha Plus Business сервисін енгізгенде біз риелторлардың жұмысын тиімдірек етуге, сатып алушы мен сатушының жолын жағымды әрі ашық етуге тырыстық. Біз үшін жылжымайтын мүлік нарығы сеніммен және кәсіпқойлықпен байланысты болғаны маңызды. Біз әрі қарай да осы сервисті дамытуды, сондай-ақ мүлік нарығы кәсіпқойларының жұмысына көмектесетін аналитикамен бөлісіп отыруды жоспарлап отырмыз», — деді Имран Османов, Krisha.kz сату бөлімінің басшысы.

Тэгтер:
Krishа
Бөлісу