Клиенттердің кері байланысының арқасында Krisha.kz қалай өзгерді
2024 жылы Krisha.kz жаңартылды, түсінікті әрі қауіпсіз бола түсті. Ай сайын 5,4 миллион адам платформаға кіреді, пайдаланушылардың көбі қолданбаның жұмысы туралы пікір қалдырады.

Krisha.kz командасы өнімді жақсарту үшін не істейтінін, олардың қайсысын пайдаланатынын айтып берді. 2024 жылы Krisha.kz командасы 100 зерттеу және пайдаланушылармен 430 астам жеке кездесу ұйымдастырды, бұл оларды жақсы түсіну, олар үшін ненің маңызды екенін және олардың міндетін шешуге қалай көмектесу керектігі үшін қажет. Бұдан не шыққанын айтып берейік.
Платформадағы қауіпсіздік
Біздің пайдаланушыларымыз тұрғын үйді жалған хабарландыруларға тап болмай тапқылары келеді. Енді пәтерін жалға беру үшін пәтер иесі құжаттарын көрсетуі тиіс, мұндай нысандар «Пәтер тексерілген» деген арнайы белгімен белгіленеді. Бұл сенімді нұсқаны таңдауға көмектеседі.
Krisha.kz мемлекеттік органдармен жұмыс істейді, бұл құрылыс салушылардың рұқсат құжаттарының бар-жоғы туралы ақпаратты көруге мүмкіндігін береді. Оларды «Жаңа құрылыстар» бөлімінен табуға болады.
Тағы бір жақсарту – «Крыша агенттері» сервисі – компания серіктестері мен мүлік нарығының кәсіпқойлары арасындағы жаңа стандарт. Krisha.kz оларды құпия сатып алушылар арқылы тексереді, өз телефониясы арқылы сапа бақылауын жүргізеді және жұмыс сапасының регламентін орнатады. Мұндай мамандардың тиімділігі қарапайым риелторларға қарағанда екі есе жоғары. Сервисте 1000-нан астам пәтер бар, ал 10 пайдаланушының 7-еуі оны ұсынуға дайын.
Автоматты аударма мен жасанды интеллект
Қолданбаның өзі екі тілде жүргізіледі, бірақ хабарландырулардың сипаттамасын пайдаланушылар жазады. Енді пәтер иесінің хабарландыруды қай тілде бергені маңызды емес. Оны бір рет шерту арқылы автоматты түрде өзіңізге ыңғайлы тілге — қазақ немесе орыс тіліне аударуға болады. Бұл жылжымайтын мүлікті іздеуді әркім үшін ыңғайлы етеді.
Күнделікті қарбаласта жылжымайтын мүлік хабарландыруын ұзартуды ұмытып кету оңай. ЖИ көмектеседі: ол жақында өшетін хабарландыру иелеріне қоңырау шалып, егер хабарландыру әлі қажет болса, оны ұзартады. Бұл адамдарға хабарландырудың платформада ұзағырақ тұруына мүмкіндік беріп, армандаған тұрғын үйін табуға көмектеседі.
Жаңа бөлімдер, сервистер мен сүзгілер
«Бізден гараждар мен паркингтер үшін жеке бөлім жасауды көп сұраған еді. Бұрын осындай хабарландырулар «Басқа да жылжымайтын мүлік» бөлімінде орналасатын. Біз оны зерттей келе, пайдаланушыларымызға жеткілікті түрде көмектеспейтінін анықтадық. Міне, «Гараждар мен паркингтер» деп аталатын жаңа бөлімде 3500-ден астам хабарландыру бар», — деп бөлісті өнім директоры Севиль Дарган.
«Үйлер мен саяжайлар» бөлімін толығымен қайта қарадық. Онда «мангал», «бассейн», «караоке» сүзгілерін пайдалана отырып, жайлы демалысқа немесе сауықкешіне арналған үй іздеу мүмкіндігі пайда болды.
Сондай-ақ, Krisha.kz сайтында енді коммерциялық жылжымайтын мүлікті ғана емес, сонымен қатар дайын бизнесті де – дәмханаларды, дүкендерді, қонақүйлерді және тағы басқаларды сатып алуға болады.
Дайын жөндеуі бар пәтер іздейтін адамдар, бастапқы әрлеудегі пәтерлерді басқалардан бөлек көрсетуді сұрады. Біз «пәтердің жағдайы» бойынша іздеу мүмкіндігін іске қостық — «тек жаңа жөндеумен» немесе «бастапқы әрлеумен» деген опциялары бар.
Пәтерлерді тәуліктік жалға беру бөлімінде хабарландыруларды ұсақ-түйектері бойынша сұрыптауға болады: феннің, бір реттік жиынтықтардың немесе тәпішкелердің болуы. Іздеу мен пәтер жалдауды ыңғайлы әрі жылдам ететін шағын ақпарат.
2024 жылы «Жаңалықтар» бөлімі жаңартылды — жылжымайтын мүлік нарығы бойынша Қазақстандағы басты медиаресурс ақпаратты қабылдауды жеңілдететін жаңа дизайнға ие болды.
Қолданбаның ең пайдалы құралдарының бірі — іздеуге жазылу мүмкіндігі жетілдірілді. Бүгінде Krisha.kz сайтына жаңа хабарландырулар түскен сәтте, ол туралы хабарламаларды бірден алуға болады.
Krisha.kz-тегі «Жаңа құрылыстар» бөлімінде пәтер таңдауды ыңғайлы ету үшін хабарландырулардың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Сатып алудың барлық қолжетімді тәсілдерін, акциялар мен жеңілдіктерді, үйдің параметрлерін, ауданның инфрақұрылымын (мектептер, балабақшалар) және құрылыс салушы туралы ақпаратты көруге болады. Мысалы, қанша ТК салынғанын, қаншасы салынып жатқанын және компанияның нарықта қанша уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқанын бірден білуге болады.
«Біздің басты құндылығымыз — жылжымайтын мүлікті іздеу процесін ыңғайлы әрі түсінікті ету. Біз Krisha.kz сайты мен оның әрбір жаңа бөлімін жақсартып келеміз, сүзгі немесе функция — клиенттердің сұраныстарына берілген жауап», – деп түсіндірді платформа командасы.