Барлық негізгі сервис бір жерде — Krisha.kz интерфейсін жаңартты
Ай сайын Krisha.kz 5 миллион адамға армандаған пәтерін табуға көмектеседі. Соңғы уақытта өнім командасы пәтерді жалға алу, үй мен саяжай сатып алу бөлімдерін толық жаңартып, көптеген пайдалы сервистер қосты.

Енді қолданбаның басты экраны да жаңартылды, адамдар платформадағы барлық пайдалы құрал мен мүмкіндікті бірден көре алады.
Жаңа құрылыстар
Қазақстан бойынша пәтерлерді құрылыс компанияларынан тікелей сатып алу. Бұл бөлімде акциялар, ипотекалық бағдарламалар және рұқсат құжаттарының бар-жоғы туралы ақпаратты бірден білуге болады.
«Крыша агенттері» жаңа блогы
Сервис Алматы мен Астанадағы жылжымайтын мүлік иелеріне Krisha.kz сайтында білім алған сенімді агенттер арқылы пәтер сату мүмкіндігін береді. Ал сатып алушылар үшін — тексерілген жылжымайтын мүлікті қауіпсіз сатып алу мүмкіндігі.
Жаңалықтар
Krisha.kz — жылжымайтын мүлік нарығы туралы басты сарапшы және ең ірі ақпарат көзі. Ай сайын 500 мыңнан астам адам ипотекалық бағдарламалар мен басқа да жаңалықтар туралы мақалалар мен сараптамаларды оқиды.
Жылжымайтын мүлікті бағалау сервисі
Құрал пәтерді сату немесе жалға беру үшін әділ бағаны анықтауға көмектеседі. Жүздеген мың ұқсас объектілерді талдау бағалаудың жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді.
Krisha.kz негізгі құралдары мен мүмкіндіктеріне жылдам қол жеткізу ең маңыздысына — жылжымайтын мүлікті іздеуге және таңдауға зейін қоюға көмектеседі.
Қолданбаны жаңартып, жаңа енгізілімдерді бағалаңыз.