Kolesa Group Қазақстанда IT саласында жұмыс істеу бойынша топ-2 компаниялар тізіміне кірді
Қазақстандық IT-дегі мамандардың 55 пайызы Kolesa Group-та жұмыс істегісі келеді.

People Consulting компаниясы жұмыс берушілердің тартымдылығын бағалау үшін Қазақстанның IT-қоғамдастығы өкілдерінің арасында сауалнама жүргізді. Іріктеменің ауқымы кең болып шықты: банк секторынан бастап телекомға дейін, қазақстандық өкілдерден бастап халықаралық өкілдерге дейін.
Сауалнамаға 503 маман қатысты, олар –әзірлеушілер, product-менеджерлер, дизайнерлер, IT-сәулетшілер, тимлидтер мен топ-менеджерлер. Сауалнамаға қатысқандардың 60%-ы middle немесе senior грейдінде, 27%-ы тимлидтер немесе C-level позицияларында.
Kolesa Group Қазақстандық IT саласында жұмыс істеу үшін топ компаниялар қатарында екінші орын алды. Сауалнамаға қатысқандардың 55%-ы осында жұмыс істегісі келетінін айтты.
Қазақстанда IT саласында жұмыс істеуге болатын ондаған топ- және антитоп-компаниялардың көрінісі осындай:

Жұмыс берушінің таңдауына әсер ететін топ-5 фактор:
1. Жалақы деңгейі – 81%
2. Команда және атмосфера – 54%
3. Кәсіби даму – 52%
4. Қызықты тапсырмалар мен жобалар – 50%
5. Қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі – 34%.
Топ- және антитоп-компаниялар рейтингі:


Зерттеуді ұйымдастырушылардың айтуынша, қызметкерлерді тартуда жалақы ең маңызды орында. Бірақ нақты құндылық – компанияның өз командасын қалай нығайтып, мәдениетін қалыптастыратынында, нарықтағы беделін қалай сақтайтынында.
Егер жарнама мен бренд компания ішіндегі нақты атмосфераға сәйкес келмесе, оған қаражат салудың пайдасы болмауы да мүмкін, өйткені қазіргі ақпараттық орта мәлімделген құндылықтар мен шындық арасындағы сәйкессіздікті анықтап алады.