Kolesa Group 2024 жылғы Корпоративтік медиа конкурсында жеңді
Компания «LIKETIME — әлжелілердегі парақшалар» номинациясында жеңіске жетті

Жақында Алматы қаласында XX халықаралық PR-форум өтті. Осы іс-шарада Қазақстанның және жақын шетел елдердің PR-мамандары пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.
Kolesa Group Корпоративтік медиа бойынша Орталық Азия конкурсында «LIKETIME — әлжелілердегі парақшалар» номинациясында жеңіске жетті.
Әлжелілерде біз компаниямыздың өмірі қандай екенін көрсеткіміз келеді: ол мықты қызметкерлеріміз жасайтын қызықты жобаларға толы, өте жарқын.
Соңғы 5 жылда біз әр түрлі форматты байқап көрдік, әрдайым трендтеміз, рилстарымызды миллиондаған адам көреді. Біздің Instagram, LinkedIn, Telegram желілеріндегі корпоративтік аккаунтымыз — өз тауашасының үздігі болғанын мақтан тұтамын, — дейді Әнел Керімбекова, Kolesa Group-тың PR & communications бөлімінің басшысы.
Ал былтыр Kolesa Info атты ішкі корпоративтік сайтымыз корпоративтік БАҚ арасында үздік digital-басылым атанды.