Кері қайту
Корпмәдениет
13 маусым 2024

Kolesa Group — қазақстандық IT- саласындағы №1 жұмыс беруші бренд

2023 жылдағы ең дамыған IТ-бренді бар компаниялар белгілі болды

2024 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында «ЭКОПСИ Консалтинг» пен Habr Қазақстанда негізделген 50 адамнан астам штаты бар 154 IT-компанияның 1266 IT-маманы арасында зерттеу жүргізді.

Жергілікті жұмыс берушілердің IT-брендін – компания бейнесі мен адамның жұмысқа орналасу орнын таңдайтын сипаттамалар жиынтығын зерттеді. IT-мамандардан оларға осы компаниялар таныс па, олар бәсекелестерінен несімен ерекшеленеді, және де респонденттер сол жерлерде жұмыс істегісі келе ме, жоқ па, соны көрсетулерін сұрады. Зерттеу жүргізу үшін әртүрлі қазақстандық компаниялардың 10 өкілінен тұратын сараптама кеңесін құрды. Kolesa Group атынан оған Head of PR & Communications Әнел Керімбекова кірді.

Зерттеу нәтижелері

Жұмыс берушілердің қорытынды рейтингіне респонденттердің 30 астам бағасын алған компаниялар кірді. Егер ұйым осындай жауап санын жинамаған болса, оның IТ-бренді әзірге қалыптаспаған деген сөз — яғни, әлеуетті кандидаттар осы жер туралы, оның құндылықтары мен еңбек шарттары туралы ешнәрсе білмейді.

154 компанияның 35-інде ғана IТ-бренд қалыптасқан — бұл Қазақстанның еңбек нарығының небәрі төрттен бірі ғана. Бірінші орында – 85% көрсеткішпен Kolesa Group.

Толық тізім осындай:

Бөлісу