Kolesa Group-тың құрылғанына 30 жыл толды!
Тарихымыз 1996 жылы Алматы қаласында кәсіпкерлікке құштар шағын команда, жалға алынған шағын кеңсе және бес мың дана газет тиражынан басталды.

Бүгінде біз Қазақстан мен Өзбекстандағы Kolesa.kz, Krisha.kz және Avtoelon.uz сияқты №1 IT-өнімдерін жасап келеміз. Қазір командамызда 670 қызметкер жұмыс істейді және үш қалада 7 кеңсеміз бар.
Өнімдеріміз адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Солардың көмегімен көлік немесе жылжымайтын мүлік сатып алу және сату сияқты қуанышты сәттер бастарынан өтеді.
«Компанияның жұмыс істеп келе жатқанына 30 жыл болса, демек ол клиенттерге пайдасын тигізіп келеді деген сөз. Осы уақыт ішінде әлем бірнеше рет өзгерді, ал біз сол өзгерістерге бейімделіп, пайдаланушылар үшін өзекті болуды сақтап келеміз», — деді Kolesa Group-тың CEO-сы Дима Ботанов.
30 жыл бойы өнімдеріміздің дамуына кәсіби мамандардан және өз ісіне жанашыр адамдардан құралған үлкен команда үлес қосып келеді. Алғашында олардың қатарында журналистер, беттеушілер, редакторлар мен корректорлар болса, қазір әзірлеушілер, product-менеджерлер, дизайнерлер, HR-мамандар, маркетологтар және басқа кәсіп иелері бар.
Адамдар әрдайым Kolesa Group-тың басты құндылығы болып келді. Сондықтан компания құрылған күннен бастап біз адамдарға ерекше көңіл бөліп келеміз. 2015 жылдан бері Қазақстандағы IT саласының дамуына үлес қосып, түрлі IT-бағыт бойынша тағылымдамалар мен онлайн курстар ұйымдастырамыз, митап пен конференция арқылы тәжірибе алмасуға болатын алаңдар құрамыз, әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалы контент ұсынамыз және еліміздің 10 жоғары оқу орнымен серіктестік орнаттық. Осы уақыт аралығында 31 Kolesa Academy тағылымдама бағдарламасын өткізіп, 16 конференция мен 70-тен астам митап ұйымдастырдық.
Біздің мәдениетіміз қызметкерлердің кәсіби өсуі мен дамуына бағытталған. Ол үшін түсінікті грейд жүйесі, жан-жақты бейімделу бағдарламасы, ішкі курстар мен менторлық қолдау бар. Kolesa Group-тағы басшылардың 90 %-ы компанияның ішінен шыққан.
Біз клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін әрі қарай өсіп, дами береміз. Жылдар бойы бізбен бірге болғандарға және әлі бірге келе жатқандарға алғыс айтамыз. Тарихымыз жалғасып жатыр.
Туған күнің құтты болсын, Kolesa Group!