Кері қайту
IT-дегі мансап
26 қыркүйек 2024

Сіз бізге сәйкес келесіз: армандаған офферді алуға арналған 8 кеңес

Тәжірибелі HR-менеджердің пайдалы кеңестері

Жұмыс іздеу – әрдайым күйзеліс, белгісіздік. Сондай-ақ, сұхбат барысында
кәсіби білімің мен тәжірибеңді – hard skills-ті ғана емес, сонымен қатар жеке
қасиеттеріңді –soft skills-ті де бағалайды.

Бұл жерде сапалы дайындық – сәтті сұхбаттың кілті екенін есте сақтау
маңызды. Бұл толқуды жеңуге ғана көмектесіп қоймай, болашақ жұмыс
берушімен кездесуді армандаған компанияның офферіне айналдыруға
көмектеседі.

Kolesa Group-тың HR-менеджері Юлия Некрасова сұхбаттан өтуге көмектесетін
кеңестермен бөлісті.

Сұхбатқа дейін

1) Мақсаттарыңызды анықтаңыз

Өз мақсаттарыңыз компанияның мақсаттарына қалай сәйкес келетіні туралы ойланыңыз. Өзіңіз келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

- Жаңа жұмыс орнында қандай мақсаттарға қол жеткізгім келеді?

- Қандай дағдыларды дамытқым келеді?

- Маған қандай міндеттер анағұрлым қызықты?

Бұл сіздің мотивацияңыз бен мансаптық жоспарларыңыз туралы сұрақтарға сенімді жауап беруге мүмкіндік береді.

2) Компанияны зерттеңіз

Компанияның сайтымен және әлеуметтік желілерімен танысыңыз. Мақалаларды оқыңыз, подкасттарды, сұхбаттарды, қызметкерлердің қатысуымен жасалған баяндама жазбаларын қараңыз. Әлеуетті жұмыс берушінің тарихын, өнімдерін, жобаларын, құндылықтарын біліңіз. Бұл компанияның мәдениетін жақсы түсінуге көмектеседі және сіздің жұмысқа деген қызығушылығыңызды көрсетеді.

3) Вакансияны зерттеңіз

Вакансия мәтінінен бөлек, HR-менеджерден телефонмен сұхбаттасқан кезде
болашақ қызметкерден не күтілетінін сұраңыз. Нақты қажеттілікті анықтап алып,
өз тәжірибеңіз бен дағдыларыңыз оны қалай қанағаттандыратынын талдаңыз.
Келесі сұрақтарға нақты жауабыңыз болуы тиіс:

- Маған қандай міндеттерді шешуге тура келеді?

- Менің күшті жақтарым қандай?

- Менің тәжірибем мен кәсіби қызығушылықтарым компанияның міндеттері мен
талаптарына қалай сәйкес келеді?

а) Егер техникалық қызметке үміткер болсаңыз, қалаған компанияның
технологиясының негізгі стегі бойынша сұрақтарға дайын болыңыз. Вакансия
сипаттамасында қандай бағдарламалау тілдері, фреймворктар, деректер
базасы көрсетілгенін зерттеңіз. Негізгі дағдылар мен білімге назар аударыңыз.
Өз тәжірибеңіз бен біліміңізді талаптарға сай вакансияда көріңіз.

б) Soft skills туралы сұрақтарға дайын болыңыз. Командада жұмыс істеу,
әріптестермен қарым-қатынас жасау мен дауларды шеше алу қабілеті – hard
skills сияқты маңызды. Жұмыста «софттарды» қай жерде тиімді пайдаланған
едіңіз, соған қатысты мысалдарды есіңізге түсіріңіз.

4) Техникалық тұрғыда дайындалыңыз

Барлығы жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз: камера, микрофон, интернет. Жарығы
жақсы тыныш жерді таңдаңыз.

Сұхбатта

5) Өз жұмысыңыздың нәтижелерін айтыңыз

Жетістіктеріңіз туралы айтып беріңіз: сандарды келтіріңіз. Мысалы, табыстың
өсуі, жоспардың орындалуы, процестерді оңтайландыру. Өзіңіздің
жұмысыңыздың нәтижесін көруге болатын іске асқан жобалар туралы айтып
беріңіз.

Нәтиженің тамаша сипаттамасы: «А» жасадым, «В» арқылы өлшедім, «С»
көлемінде пайда әкелдім.

Мысалы: соңғы жылда 50 ірі клиентті тартып, бөлімнің кірісін 15%-ке
арттырдым.

6) Ұсақ-түйегіне дейін айтып қажеті жоқ, қысқаша баяндаңыз

Сұхбаттасу уақыты шектеулі, берілген уақытта негізгі жетістіктерді жеткізіп үлгеру керек. Бұл сізді басқа үміткерлердің арасында ерекшелеп көрсетеді.

Төмендегі әдістеме бойынша жауап беруді ұсынамын:

Жағдай → Тапсырма → Әрекет → Нәтиже

7) Сұрақ қоюдан қорықпаңыз

Команда ішіндегі және компаниядағы процестер туралы сұраңыз, жұмыс беруші әлеуетті қызметкерден не күтеді – сіз үшін маңызды нәрсенің бәрін біліп алыңыз. Сұрақтарды алдын-ала дайындауға немесе әңгіме барысында жазып алуға болады. Сұхбаттың негізгі тұстарын өзіңізге жазып алыңыз.

8) Шынайы болыңыз

а) Адам өзін шынайы ұстағанда, оған тілдесу және сұрақтарға жауап беру оңайырақ болады.

б) Өзіңізді шынайы таныстырсаңыз, компаниямен бір-біріңізге сәйкес келетіндігіңізді түсінуге көмектеседі.

в) Тәжірибелі HR әлеуметтік қажетті жауаптарды танып біледі де, шынайы жауап берген басқа үміткердің пайдасына таңдау жасайды.

Осы кеңестердің барлығы сізге армандаған офферді алуға көмектесіп қана қоймай, осы жұмыс пен компанияның сізге сәйкес келетіндігі туралы түсінік береді.

Бөлісу