Кері қайту
IT-дегі мансап
27 тамыз 2024

QA-инженердің жолы: IT-самурай

QA рөлі және мамандықта табысқа жету үшін не қажет

QA-инженер (quality assurance engineer) дегеніміз – өнімді әзірлеудің барлық кезеңдерінде оның сапасын қадағалайтын маман. Тестілеумен қатар, QA-инженер жаңа техниканың енгізілуіне жауап береді, құралдардың өзектілігін қадағалайды, сапаны бағалау метрикаларын
жүргізеді, осылайша өнімнің өзін жақсартуға жәрдемдеседі.

Осы мақалада Kolesa Group web QA-инженері Владислав Акимов келесі
туралы айтып береді:

• QA рөлі және кәсіпте мамандықта жету үшін не қажет;
• hard skills-пен қатар soft skills маңыздылығы;
• бизнес-ойлау қабілеті және пайдаланушылардың қажеттіліктері.

Мамандық эволюциясы: QA-дағы білім шегін кеңейту

Бұрын Қазақстан мен жақын шетелдегі QA-дан негізінен багтар туралы есептер мен тест-кейстерді орындау күтілетін. Бүгінгі таңда бұл мамандық эволюцияға ұшырады: QA рөлі арта түсті. Қазіргі таңдағы QA-инженердің функциялары:

– архитектураны талқылауға қатысу;
– бизнес-талаптарды талдау;
– әзірлеушілер мен талдаушылардың арасындағы байланыстырушы буын

Бұл қазіргі таңдағы QA-инженер әмбебап болуы тиіс дегенді білдіреді. Бұл жұмысты қызығырақ етеді. Әмбебаптықтың мәнісі мынада:

1. QA-инженер тестілеу басталмай тұрып, көп уақыт бұрын қосылады.
2. QA талаптарды талдауға, дизайнға ревью жасайды, әзірлеу сатысы басталғанға дейін тест-жоспар мен чек-парақтар жасайды.
3. Және тіпті код продакшнға түскеннен кейін де тоқтамайды. QA – әр кезеңдегі жақсартулардың үздіксіз циклі.

Технологиялар – бүкіл үй емес, бірақ оның іргетасы

Әрине, hard skills маңызды. Selenium, Playwright, JUnit, TestNG, Postman, Jira және т.б. секілді жұмыс құралдарын білу бұрынғыша қажет Бұл – бүкіл «үй» емес, жай ғана оның іргетасы. Сұхбаттарда біздің жалдаушы менеджерлеріміз үміткерлердің тек техникалық машықтарына ғана қарап қоймайды. Біз жүйелі түрде ойлап, жалпы көріністі байқай алатын адамдарды іздейміз.

Мысалы, егер сен автотесттер жазатын болсаң, ол үшін CI-ге workflow жазуды DevOps-ке бермей, өзің жазғың келер еді. Қажетті автотесттерді жазу үшін жобаның құрылымын, бүкіл интеграцияны және бизнес-логиканы түсінген аса маңызды. Біз сондай-ақ QA-ның өз жасағанына мониторинг жүргізіп, өз жұмысының өнім көрсеткіштеріне әсерін зерттегенін жоғары бағалаймыз.

Инфрақұрылым: «капоттың астында» не бар?

Қазіргі таңдағы QA-инженер бүкіл жүйенің тұтастай қалай жұмыс істейтінін түсінуі тиіс. Демек, сіздер қолданбалар архитектурасынан, дерекқорлардан, желі хаттамаларынан хабардар болуыңыз керек және дұрыс сұрақ қоя білуіңіз керек дегенді білдіреді.

Мысал: команда мобилді қолданба әзірлеуде. QA-инженер оның атқарымдылығын тестілеп қана қоймай, келесіні де анықтауға тырысады:
– деректер берудің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
– шекті жүктемелердегі жүйенің өнімділігі қандай?
– микросервистер арасындағы өзара әрекеттестік қалай ұйымдастырылған?
– байланыстырылған микросервистің деплойы мобилді қолданбаның жұмысына әсер ете ала ма?

Мұндай тәсілдеме проблемаларды ерте кезеңде анықтап, өнімнің сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. 

Бизнес-міндеттердің валидациясы және талаптардан бастап тестілеу

Бизнес-логиканы және ақырғы пайдаланушылардың қажеттіліктерін түсіну – заманауи QA-ның аса маңызды машықтарының бірі. QA рөлін Krisha.kz қолданбасындағы «Жылжымайтын мүлікті бағалау» фичасы мысалында әртүрлі үш көзқарас тұрғысынан: пәтер иелерінің, пәтер сатып алушылардың және компанияның тұрғысынан қарап көрейік. Иелері сатуға арналған пәтердің объективті құнын біліп алады. Сатып алушылар нарықтық бағалар туралы жалпы түсінік алады.

Компания үшін бұл функцияның құндылығы – ол пайдаланушылардың Krisha.kz платформасына сенімін арттырады. Осының барлығында QA рөлі аса маңызды. QA-инженерлер бұл функцияның барлық тараптар үшін дұрыс жұмысын қамтамасыз ете отырып, пәтер иелерінің, сатып алушылардың және компанияның мүдделері арасында теңгерім сақтайды. Сонымен қатар, QA пайдаланушылардың пікірлерін ескере отырып, «Жылжымайтын мүлікті бағалау» дәлдігін үнемі жақсартып отырады.

Мұндай ойлау қабілеті QA-инженерлерге барынша релевантты тест-
кейстер жасап, жай ғана багтарды емес, өнім үшін іс жүзінде маңызды
мәселелерді табуға мүмкіндік береді.

Командалық: «менен» гөрі, «біздің» мүмкіндігіміз көп

Қазіргі таңдағы QA-инженер дегеніміз – жай ғана «тестілеуші» емес, өнімді әзірлеу процесінің толыққанды қатысушысы. Сіз әзірлеушілермен, дизайнерлермен, менеджерлермен, зерттеушілермен тиімді тіл табыса алуыңыз тиіс.

Командалық жұмыс машықтары маңызды болатын жағдайлардың мысалдары:

1. Спринт жоспарлау кезінде өзіңіздің тестілеу тәжірибеңізге сүйене отырып, командаға тапсырмалардың күрделілігін бағалауға көмектесесіз. Өйткені, әзірлеуші –сервиске, ал QA өзінің тұтастай бүкіл жүйемен өзара әрекеттесуіне жауапты болып табылады.

2. «Қалқыма» ақаулар анықталған жағдайда, Сіз сипаттамасы бар тикет жасап қана қоймайсыз, проблеманы әзірлеушімен талқылай отырып, оның бастапқы себебін тезірек анықтауға көмектесіз.

Ұдайы оқу — жетістікке есік ашатын кілт

IT-салада ұдайы оқуға дайын болу артықшылық емес, қажеттілікке айналуда. Біз күн сайын жаңа нәрсені біліп отырамыз. Бұл жаңа автоматтандыру құралы, тестілеу әдіснамасы немесе проблеманы шешуге қатысты қызықты тәсілдеме болуы мүмкін. Бұл тонуста болуға мүмкіндік береді және сұранысқа ие болуға көмектеседі.

Сондай-ақ біз жыл сайын Kolesa Conf – ауқымды IT-конференцияны өткіземіз, онда біз баяндамалармен сөз сөйлеп, басқалармен тәжірибе бөлісеміз. Сондай-ақ Алматыдағы компания кеңсесінде сыртқы митаптар өткіземіз.

Бізде сыртқы оқуға бюджет бар, қызметкерлерімізді конференцияларға жібереміз, сондай-ақ өзіміз де ішкі митаптар өткіземіз және оның барысында біліммен және жаңа машықтармен бөлісеміз. Мысалы, деректерді генерациялаудағы, оқиғаларды тестілеудегі жаңа тәсілдемелер, статистиканы жинау.

Біз компания ішінде де өз бетінше білім аламыз. Қатарынан бәрін оқи берудің қажеті жоқ. Сондықтан, біз жобаға пайда тигізуі мүмкін оқу материалдарын іріктейміз. Мұндағы мақсат – қол жеткізген білімді тәжірибе жүзінде пайдаланып, жалпы пайдаланысқа енгізу.

Біз, Kolesa Group қызметкерлері, жаңадан бастаушы QA-мамандар үшін кеңестер дайындадық: https://recommend.kolesa.team/qa. Онда біз бейнесабақтар, онлайн-курстар, кітаптар мен пайдалы сілтемелер жинадық.

Қорытынды: QA – өнер ретінде

Бүгінгі таңда табысты QA-инженер болу – тәжірибелер мен технологиялар жиынтығын меңгеру ғана емес. Бұл техникалық білім, бизнес-процестерді түсіну, коммуникация машықтары және үнемі өзін-өзі дамыту арасында теңгерім ұстау қабілеті.

Иә, бұл күрделі болып көрінуі мүмкін, бірақ дәл осы күрделілігі QA мамандығын осындай тартымды етеді. Сіз күн сайын әдеттен тыс міндеттерді шешесіз, жаңа нәрсе үйренесіз және миллиондаған адам пайдаланатын сапалы өнімдерді жасауға нақты үлес қосасыз. QA-ның өнімге әсері барған сайын байқалып, айқындалып келеді.

Сондықтан, егер үздіксіз сын-тегеуріндерге төтеп беруге дайын болсаңыз, оқығанды жақсы көрсеңіз және иновациялық өнімдер жасау процессінде болғанды қаласаңыз – QA әлеміне қош келдіңіз. Бұл саяхат үмітіңізді ақтайды.

Бөлісу