Кері қайту
IT-дегі мансап
2 шілде 2024

IT-дегі product-менеджер: стартта нені істей алу және нені білу керек

«Өнімді ойлау дегеніміз өмір салты»

Product-менеджер – өнім жасағанда ағындар мен процестерді басқаратын маман. Ол бизнес мақсаттары мен жетістік критерийлерін белгілейді, команданы ынталандыруға көмектеседі, түпкі нәтиже үшін жауап береді.

Product-менеджер үнемі технологиялар, пайдаланушылардың қызығушылықтары мен бизнес-міндеттер арасында тепе-теңдікті сақтайды. Пайдаланушылар өзгерістерді ұната бермейді. Бизнестің талаптарына ғана бет қоюға болмайды: бұл пайдаланушылардың тәжірибесін нашарлатуы мүмкін. Оған қоса жаңа технологиялар өзінің өнімге деген талаптарын ұсынады.

Мамандық туралы көбірек білу үшін Kolesa Group-тың product-менеджері – Евгений Абрамовичпен сөйлестік. Ол мамандыққа қалай келгенін айтып берді және IT-дегі product-менеджменттің егжей-тегжейімен бөлісті. Сондай-ақ осы мамандыққа қызығатындардың бәріне пайдалы кеңестер берді.

Өзім жайлы және мамандық таңдау туралы

Білімім бойынша мен инженер-құрылысшымын. Гумилёв атындағы ЕҰУ-ды бітіріп, құрылыста жобаның бас инженері болып жұмыс жасадым. Онлайн-бизнеске әрдайым қызығушылықпен қарадым – ол жерде идеялардың ауқымы мүлде басқа. Досым маған product-менеджментті көруге кеңес берді, себебі маған бәрін оңтайландыру және кез келген процесті дұрыстаған ұнайды.

IT-дегі менеджмент туралы көбірек оқып, ашық көздерді зерттей бастадым. Менің жолым болды: product-менеджмент бойынша Kolesa Upgrade тегін онлайн-курсына қабылдау жүріп жатты. Өтінім бердім, өттім, күн сайын жұмыстан кейін сонымен шұғылдандым. Сөйтіп, Kolesa Upgrade топ-10 түлектің қатарына кіріп, өзімді көрсеттім. 

Алғашқы жетістіктер сенімділік берді, сондықтан Kolesa Group-тағы junior product-менеджер вакансиясына бірден жауап бердім. Сұхбаттасу кезінде әзірше «жауынгерлік» тәжірибенің жетіспейтіні анықталды. Есесіне, келешекте жаңадан бастап жатқан product-менеджерлерге арналған Kolesa Academy төленетін тағылымдамасы өтетіні айтылды. Жұмыстағы жобаларымның бәрін өткізіп, білімімді толықтыратын уақытым болды. Ынтамен дайындалдым, іріктеуден өттім, тағылымгер атандым, Kolesa Group өнімдерінің нақты міндеттерімен жұмыс жасап, IT-дегі өзімнің алғашқы жалақымды алдым.

Kolesa Academy қорытындысы бойынша штатқа оффер алдым. Ментор қолдауымен сынақ мерзімді мерзімінен бұрын жаптым. Осылайша қазір Kolesa.kz өнімінде product-менеджер болып жұмыс істейтін командаға қосылдым. 

Жобаларды басқарудағы тәжірибемді және сандық бизнес мүмкіндіктерін біріктіру жайлы арманым орындалды

Kolesa Group-та product-менеджер немен айналысады

Біздің жұмысымыз – пайдаланушыға құндылық жасау үшін ағындар мен процестерді басқару. Kolesa.kz өніміндегі «Мототехника» бөлімін мысалға келтіріп айтайын. 

Кез келген өзгерістер алдында әрдайым өнім стратегиясынан бастаймыз. Мақсаттардың бірі — мототехниканы сатып алу-сату нарығының көшбасшысы болу.

1. Жобаның бірінші ағынын іске қосамыз — идеяларды құру және проблемаларды анықтау. Әрі қарай, гипотеза жасап, оларды брейнштормдар, деректерді талдау, сапалық және сандық зерттеулер арқылы тексереміз. Осы гипотезалармен жасалған барлық жұмыстан кейін әрі қарай жұмыс істейтін нәрселердің басымдықтар тізімін жасаған өте маңызды.

2. Келесі кезең – шешімдер жасау ағыны. Біз бірінші ағымнан проблемалар мен идеялардың тізімін алып, оларды шешу және іске асыру бойынша гипотезалар жасай бастаймыз. Атап айтқанда: прототиптер жасаймыз, CX және UХ-зерттеулерін жүргіземіз, нарық пен бәсекелестік талдауды зерттейміз. Нәтижесінде бірінші ағынды ашқан аса маңызды проблемалардың қажеттіліктерін жабатын шешімдердің шағын тізімін жасауымыз тиіс. Барлығы өзара байланысты болуы керек. 

Қорытындысы: product-менеджер шартты түрде 100 бастапқы идеядан ендіретін 5 шешімді таңдау үшін барлық ағындар мен процестерді басқарады. Бұл Double Diamond деп аталады.

Ағындардың әрқайсысында процестермен әр түрлі сала мамандары жұмыс істейді. Біздің міндетіміз — олардың сараптамасын дер кезінде дұрыс бағытқа бағыттау. Тек осылай ғана барлық мамандар жақсы жұмыс істеп, пайдаланушы өнімнің ең жақсы шешімін алады. Ал бизнес болса, масштабтау мен өсудің жаңа құралдарын алады.

Кейс

Проблема: Тұтынушылардың бейілділігін бағалау кезінде (NPS) топ-3 шағымға «Іздеу проблемасы» тармағы кірген. Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту, оны ыңғайлы әрі жылдам ету қажет болды.

Мақсаты: Пайдаланушының хабарландыруға «жету» жылдамдығын 3%-тен асыру.

Шешім

1. «Детракторлармен» — проблема туралы сигнал бергендермен сапалы зерттеу өткіздік. Терең сұхбаттарда флоуды жақсарту бойынша аса релевантты гипотезаларды қалыптастыру үшін іздеудегі қиындықтарды ашып айтуды сұрадық. Көп жағдайда «Нашар іздеу» бағасы қажетті хабарландыруларды бермес бұрын шығатын көптеген экрандарды білдіретінін анықтадық. Адам өзінің параметрлері бойынша автокөлік туралы хабарландыру алуы үшін минимум 6 экраннан өтуі керек болды: Kolesa.kz сайтының басты беті → Машиналар → Жеңіл → Іздеу сүзгісі → Берілген параметрлер бойынша хабарламалар → Қажетті хабарлама.

2. Командамен бірге Discovery процесінде сапалық және сандық зерттеулерден кейін біз брейншторм және шешімдерді генерациялау кезеңіне өттік. Гипотеза жасап, қарапайым әрі керемет шешімге келдік — қолданбаның Басты бетін жаңарта отырып, экрандарды автокөлікті іздеудің негізгі сүзгісіне дейін оңтайландыруды ұйғардық.

«Машиналар» секциясында «Мототехника» және «Су көлігі» санаттары сақталған бір артық экран алынып тасталды. Олар дұрыс сүзгілеуді бірден жасауға мүмкіндік бермеді. Осы санаттарды басты бетке шығардық, осылайша көлік бағыттары бойынша өнімнің логикалық архитектурасын құрдық.

Енді «Машиналар» секциясын басқан кезде автомобильдер бойынша сүзгілерге бірден кіруге болады.

Бұрын:

Қазір:

Нәтижелер:

1) Пайдаланушының хабарламаға «жету» жылдамдығы +5,2%.
2) «Су көлігі» бөлімі хабарлама санында 37% өсті.
3) «Мототехника» секциясында хабарламалар рекордтық санға жетті.

Product-менеджердің мансаптық өсуі

Kolesa Group-та Product-менеджер джун позициясынан бастайды. Junior product-менеджер өзінің даму командасында әзірлеу жұмысымен айналысады. Ол өнімді басқару негіздерін үйренеді, оған жүктелген міндеттермен жұмыс істейді және белгілі бір салада тәжірибе жинақтайды. 

Мидлдар көбінде автономды және өз командасының процестерін тиімді түрде құрады. Middle product-менеджер басқа бөлімдермен – маркетингпен, бухгалтериямен және сервиспен өзара әрекет ете бастайды. Өз құзыретін кеңейтеді және әзірлеу командасының жұмысын компанияның басқа функцияларымен біріктіреді.

Синьорлар өз командасында ғана емес, бүкіл компания көлемінде айтарлықтай тәжірибеге ие және процестерді терең түсінеді. Олар өз мойнына анағұрлым күрделі және стратегиялық міндеттерді алады, ірі жобаларды және бірнеше командаларды басқаруы мүмкін.  Senior product-менеджер өнім стратегиясын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады және өнім мен компанияның болашағына әсер ететін маңызды шешімдер қабылдайды.

Біз бұл жүйеге бірден келген жоқпыз, бірақ оның артықшылықтарына көз жеткіздік. Грейдті бағалау қалай болатынын осы материалда Kolesa Group-тың Өнімдер жөніндегі директоры (CPO) Александр Нагорный айтып берді.

Product-менеджер болу жолы қандай?

Өнімді ойлау дегеніміз өмір салты. Егер адам үнемі проблеманы қалай шешуге немесе процесті қалай оңтайландыруға болатынын ойлап табатын болса, онда ол product-менеджер мамандығын игере алады.

Бұны университетте әлі оқытпайды, бірақ пайдалы курстарды табуға болатын бірнеше алаң бар:

● Kolesa Upgrade
● Go Practice
● Яндекс.Практикум
● Coursera
● Жаңадан бастап жатқан product-менеджерлер үшін Kolesa Team ұсыныстары

Бөлісу