Кері қайту
Зерттеулер
15 маусым 2023

Kolesa Group зерттеуі: қазақстандық студенттер IT саласында қандай жұмысты армандайды?

Kolesa Group қазақстандық студенттер арасында ірі зерттеу жүргізіп, олардың ойындағы жұмыс беруші портретін анықтады.

IT-нарықтың айлықтарын зерттеп болған соң, Kolesa Group студенттер нарығында не болып жатқанын анықтауды шешті. Өйткені осы бағыттың жалдамалы жұмыс бойынша болашағы өте зор. 

Зерттеудің мақсаты – IT саласында жұмыс істегісі келетін студенттердің портретін анықтап, олардың жұмыс берушіні қалай таңдайтынын анықтап, компанияларға олармен қандай құралдар арқылы қарым-қатынас жасағаны дұрыс екенін білу. 

Сауалнамаға 854 студент қатысты. Сонымен қоса сапалы зерттеулер жүргізіп, 5 фокус-топтағы 27 студентпен сөйлестік. Kolesa Group-та 2023 жылдың басы мен 2022 жылдың басындағы көрсеткіштерді салыстырып, нәтижесімен нарықпен бөлісті. 

 

Kolesa Group оқыту және дамыту бөлімінің жетекшісі Кристина Абдраимова:


Біз, Kolesa Group, соңғы 8 жыл университеттермен тығыз қарым-қатынас жасаймыз. Бірнеше жылдан кейін оқу орындарының түлектері біздің командамыздың үлкен бөлігі болатынын түсінеміз. Жыл сайын төленетін тағылымдамалар, онлайн-курстар мен сұранысқа ие IT-бағыттар бойынша митаптар ұйымдастырамыз. 

 

Бірақ біз де жұмысқа жаңадан орналасқан Қазақстан мамандарының нарығын әрқашан түсіне бермейміз. Сондықтан зерттеу жүргізіп, студенттер жұмыс берушіні таңдағанда неге мән беретінін, қай коммуникация құралын пайдаланған жөн және IT бағытында даму үшін оларды не ынталандыратынын түсінгіміз келді.

IT-дағы студенттің портреті

Респонденттің орташа жасы — 19 жас.

Еліміз бойынша сауалнамаға 50 университет пен колледждің 2-3-курс студенттері қатысты. Ең белсенді, әрі қызығушылық танытатын аудитория – ол кіші курстар студенттер.

 

Біз IT-саласына қызығушылығы жоғары топ-5 ЖОО-н анықтадық:

 

• Suleyman Demirel University — 16,5%
• Astana IT University — 16,4%
• Narxoz — 14,9%
• IITU — 14,4%
• KBTU — 8,5%

ІT-ге қызығатын студенттер көбінесе төмендегі мамандықтарда оқиды:

 

1. Ақпараттық жүйелер — 33,4%
2. Computer Science — 14,6%
3. Есептеу техникасы мен бағдарламалық жасақтама — 12,8%

Қызығушылықтар

Біз IT-дағы студенттерге қызық болатын топ-5 саланы бөліп алдық. 

1. Backend-әзірлеу — 26,2%
2. Frontend-әзірлеу — 13,3%
3. Data-аналитика — 10,5%
4. iOS-әзірлеу — 7,7%
5. ML — 6,8%

2023 жылы студенттер оларды IT-бағыт деген сұраққа әлдеқайда саналы түрде жауап беріпті, «Әлі таңдамадым» деген жауапты 8,8% ғана белгілеген. 2022 жылы бұл көрсеткіш 23% еді. 

 

«Неге IT саласын таңдадыңыз» дегенге студенттер көбіне мынадай жауаптар берген:

1. Сұранысқа ие мамандық. 
2. Көп адам қолданатын жаңа өнімдер жасауға мүмкіндік бар. 
3. Қашықтан жұмыс істей алу: үйде отырып немесе өзге елден. 
4. Бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғары және бұл ортада үнемі даму үстінде боласың деген түсінік қалыптасқан. Осы себепті студенттер өзін-өзі дамытудан еш шаршамайды. 

Мен студенттік өмірімнің алғашқы екі курсын бос өткізіп, жұмыс істемегеніме өкінемін. Бір лекте оқыған өзге балалар қазір middle және жақсы ақша тауып жүр. Олар уақытты дұрыс пайдалану керек екенін ерте түсінді. Мен қазір нөлден бастаймын, – респонденттердің бірі осылай деп жазыпты. 

Жұмыс өтілі

Зерттеу жүргізген кезде сауалнамаға қатысқан 258 адамның (30,2%) IT саласында жұмыс тәжірибесі болды. 

Біз зерттеуімізді тереңдетіп, респонденттердің жартысынан көбі жұмысқа 1-2-курстан бастап араласқанын анықтадық. 

Студенттердің басым көпшілігі жұмысты не тағылымдаманы 2-курстан бастайды, себебі: 

 

а) ЖОО-ның алғашқы курстарында олар негізгі білім алып, студенттік өмірге үйренеді және даму бағытын таңдайды;
б) университет «базалық» білім береді, ал практикалық дағдыларды компанияларда жұмыс істеу барысында үйренеді; 
в) бәсекелестік жоғары болғандықтан, жастар неғұрлым ерте тәжірибе алып, болашақта жылдам жұмыс табуға тырысады. 

IT-да диплом маңызды емес. Оқу орнында біз жұмыста пайдаланатын 10% ақпарат ғана аламыз. Тағылымдама, тәжірибе,  соның арқасында алған білімдер мен дағдылар қажет болады, – деп жазды сауалнамаға қатысушылар.

Жұмысқа дайындық

Өзін-өзі дамытуға студенттер мына ресурстарды пайдаланады:

• IT-бағыты бойынша курстар — 53%
• Youtube-видеолар — 35%
• Pet-жобалар (құрастыру) — 4%
• Өзге — 8%

 

Вакансиялар/тағылымдамалар туралы ақпарат көздері:

• HH.kz — 57,3%
• Telegram — 26,3%
• Instagram — 5%
• Почтаға мәлімет жіберу — 2,9%
• LinkedIn — 2,5%
• Жұмыс берушінің сайты — 2,1%
• Өзге — 3,9%

 

Студенттер қандай іс-шараларға жиі барады:

• Жұмыс берушілер жәрмеңкесі — 45%
• Лекциялар — 17,4%
• Митаптар — 4,3%
• Өзге — 7,3%
• Ешқандай іс-шараға қатыспайды – 26%
 

Студенттер төмендегідей шараларға қатысқанды дұрыс санайды:

а) жұмыс берушімен танысуға болатын; 
б) тәжірибелі мамандардан практикалық дағды алатын.

Жұмыс берушіні таңдау

2023 жылғы критерийлер:

2022 жылы ықтимал жұмыс берушіге қойылатын топ-5 талап мыналар болды:

 

1. Оқу/кәсіби өсу
2. Команда/атмосфера
3. Айлық
4. Жұмыс істеуге жайлы жағдайдың болуы.
5. Ментордың болуы.

 

Бастаушы мамандарға IT-де мансап кұруға көмектесу үшін, біз ұсынымдарды дайындадық ұсынымдарды — https://recommend.kolesa.team/.

Тэгтер:
Зерттеулер
Бөлісу