Кері қайту
Зерттеулер
24 сәуір 2024

Қазақстандық студенттер IT саласында жұмыс берушілерді қалай таңдайды — зерттеу

Kolesa Group IT саласына қызығатын қазақстандық студенттер арасында жаңа зерттеу жүргізді — 2024 жылы жұмыс берушіні таңдаудағы мотивацияларын анықтады.

Kolesa Group IT саласына қызығатын қазақстандық студенттер арасында жаңа зерттеу жүргізді — 2024 жылы жұмыс берушіні таңдаудағы мотивацияларын анықтады.

Зерттеудің мақсаты — IТ-ға қызығатын студенттердің портретін, жұмыс берушіні таңдау кезіндегі мотивацияны анықтау және компаниялардың олармен жақсы қарым-қатынас орнататын алаңдарын анықтау. Kolesa Group былтыр да осындай зерттеу жүргізген болатын, бірақ 2024 жылы деректердің өзектілігін арттырып, респонденттер іріктемесін кеңейтті.

Сауалнамаға Қазақстан бойынша барлығы 1008 студент қатысты. Респонденттің орташа жасы — 21.

* 2024 жылғы зерттеуде біз 2023 жылғы зерттеумен салыстырғанда 15,3% көбірек жауап алдық. Бұл респонденттерді іздеуде жаңа аймақтар мен арналарға шығу есебінен болды. 

Еліміз бойынша сауалнамаға шамамен 80 университет пен коледждің көбінесе 3-4 курс студенттері қатысты. Жоғарғы курстар — ең көп қатысып, қызығушылық танытқан аудитория.

Кристина Абдраимова, Kolesa Group оқыту және дамыту бөлімінің жетекшісі:

Университеттер бізбен қуана-қуана жұмыс жасайды, себебі олар өз түлектерінің нарықта сұранысқа ие болғанын қалайды. Біз Kolesa Group-та бүкіл Қазақстан бойынша 10 аса ЖОО-мен белсенді жұмыс жасаймыз. Бизнес ретінде, бірнеше жылдан кейін командамыздың жартысынан көбін осы студенттер құрайтынын түсінеміз.

Сондықтан нарық үшін анағұрлым қажет студенттерді дайындаймыз:

- силлабустарды жасауға қатысамыз; 
- вакансия жәрмеңкелерінде студенттермен әңгімелесеміз;
- Kolesa Academy және Kolesa Upgrade білім беру бағдарламалары арқылы студенттерді оқытып, жұмысқа орналастырамыз.
- жылына бір рет Kolesa JunDay 2024 — қазақстандық студенттерге арналған тегін ауқымды IT-іс-шарасын өткіземіз, ол жерде сарапшыларымыз оларға мансап жолының басында-ақ іргетасын қалауға көмектеседі.

Білім беру жобаларымыздың әрі қарай да Қазақстанның жас мамандарына пайдасын тигізгенін қалаймыз. Сондықтан жұмыс берушіні таңдауда студенттерге ненің маңызды екенін, қандай қарым-қатынас құралдарын пайдаланған дұрыс екенін және жастардың IT-де дамуына мотивацияны не беретінін түсіну үшін осы зерттеуді жүргіздік.

Студенттері сауалнамаға қатысқан Топ-5 ЖОО мен колледж:

• Satbayev University (ҚазҰТЗУ) — 18%
• Astana IT University — 11%
• Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті — 9%
• Suleyman Demirel University — 8%
• Қазақстан-Британ техникалық университеті — 8%

Сауалнамаға қатысқан студенттердің көбі келесі мамандықтарда оқиды:

Студенттердің қалған 20%-і келесі мамандықтарда оқиды: data-аналитика, автоматтандыру және басқару, маркетинг, қаржы және халықаралық қатынастар.

Студенттерді не қызықтырады және неліктен

Kolesa Group студенттер үшін IТ-дегі топ-5 қызықтыратын саланы бөліп көрсетті:

• Backend-әзірлеме — 19%
• Data-аналитика — 12%
• Frontend-әзірлеме — 8%
• ML — 8%
• Product-менеджмент — 7%

Студенттердің қалған  5%-і (Other) келесі салаларда дамығысы келеді: SMM, computer graphics, IT-рекрутинг және HR, 1C-әзірлеме, fullstack-әзірлеме, hardware engineering.

Айта кететіні, «ойланып жүргендердің» үлесі былтырғы жылмен салыстырғанда — 15%-ке өсті. 2023 жылы бұл көрсеткіш 8,8%-ке тең болған. Алайда, соңғы жылдары студенттер саналы түрде ойлайтын болды: 2022 жылғы зерттеуде «Әлі ойланып жүр» деген жауапты респонденттердің 23%-і берген еді.

Студенттер қашан жұмыс істей бастайды

Зерттеу кезінде, сауалнамаға қатысқандардың 356-сының (41%) IТ саласында жұмыс өтілі болған еді. Сауалнамаға қатысқандардың 50%-і 2-3 курстарда жұмыс істей бастаған.

IT-де тәжірибесі бар студенттер келесі бағыттарда білім алуда:

- Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама;
- Computer Science;
- Менеджмент;
- Инжиниринг;
- Математика.

Студенттер IТ-де жұмыс істеуге қалай дайындалады

Студенттер өз бетімен білім алу үшін келесі ресурстарды пайдаланады:

2024 жылы студенттер үшін YouTube пен pet-жобалар қатты өскен. Салыстыру үшін 2023 жылғы зерттеуден алынған ұқсас көрсеткіштер: Youtube — 35%, pet-жобалар — 4%.

Вакансиялар/тағылымдамалар туралы ақпарат көздері:


Студенттердің тәжірибесінің бар-жоғына қарамастан, олардың екі ортақ «белгісі» бар:

- вакансия туралы көбі hh.kz, Telegram және LinkedIn желілерінен біледі.
- 2023 жылмен салыстырғанда LinkedIn үлесі жұмыс іздеу кезінде бірнеше есе өсті.

2024 жылы жұмыс берушіні таңдау критерийлері (мульти таңдау):

2023 жылы ықтимал жұмыс берушіні таңдаудың топ-5 факторы мыналар болды: 

Ал 2022 жылы басты критерийлері мыналар болды:

Зерттеудің басты тұжырымдары:

1. 2022 және 2023 жылғы зерттеулерде жұмыс берушіні таңдаудың топ-факторларында еңбекақы 3-ші орында болған, ал биыл ол бірінші орынға шықты. Мансаптық өсу мен оқу мүмкіндігі жұмыс орнын таңдаудың әлі де топ-3 тізіміне кіреді.
2. IT-де жұмыс тәжірибесі бар студенттердің көбі 2-3 курста оқиды.
3. Студенттер 2024 жылы өз бетімен білім алу үшін YouTube арнасын (66%), курстарды (53%) және pet-жобаларды жүзеге асыруды (49%) пайдаланады.

IT саласындағы жас мамандарға ұсыныстар — https://recommend.kolesa.team/. 

Тэгтер:
Бөлісу