Кері қайту
Cаll for papers
6 мамыр 2025

Kolesa QA Automation Meetup-та спикер бол!

26.06.2025 | офлайн+онлайн

Kolesa QA Automation Meetup шарасына спикерлер іздейміз! Шара 26 маусым күні Алматыда өтеді 🔥

 

Қандай тақырыптарды тыңдағымыз келеді:

  • Web/mobile қосымшаларын кез келген заманауи фреймворкте тестілеуді автоматтандыру
  • Flakiness мәселелерін шешу, тұрақтандыру, автотесттерді, билдтер мен кодты жеделдету және оңтайландыру — яғни тестілеу мен кодты продакшнға жеткізу процесін жақсарту
  • CI/CD-мен интеграция, кодты қамту (code coverage), автоматтандыру метрикалары
  • Тестілеу процесін жақсартуға және жеделдетуге арналған өзіміз жазған автоматтандырылған шешімдер мен сервистерді енгізу

 

Біз нақты проблемалар мен сын-қатерлерді шешуге арналған нақты кейстер мен тәжірибеге негізделген баяндамаларды өте жоғары бағалаймыз.

 

Қазақ тіліндегі баяндамаларға қуана-қуана құлақ түреміз!

Спикер болуға өтініштерді 20 мамырға дейін қабылдаймыз.
Барлық қатысушылармен маусымның екінші жартысында байланысамыз.

 

Сұрақтарын болса, pr@kolesa.kz поштасына жаз.

Тіркелу
Тэгтер:
Cаll for papers
Бөлісу