Kolesa Group компаниясы Property Portal Watch Conference конференциясында сөз сөйледі
Бұл жылжымайтын мүлік классифайдтарына арналған беделді халықаралық конференция
2024 жылғы 13 наурызда Kolesa Group компаниясы Бангкокта Property Portal Watch Conference – жылжымайтын мүлік классифайдтарына арналған беделді халықаралық конференциясында Қазақстанды және Krisha.kz өнімін таныстырды.
Біздің өнім жөніндегі директорымыз (CPO) Александр Нагорный Қазақстан нарығы туралы айтып берді, Krisha.kz нәтижелерімен және 2017 жылдан бері өнімдерімізге AI-технологияларды қалай енгізіп келе жатқанымызбен бөлісті.
Бангкоктағы конференция бүкіл әлем бойынша жылжымайтын мүлік классифайдтары мен PropTech-компаниялардың 150 астам топ-менеджерлерін бір жерге жинады. Пікірталастардың негізгі тақырыбы маркетплейстер мен NextGen PropTech төңірегінде болды.
Kolesa Group ғаламдық нарықта танылу жолында үлкен қадам жасады. Бұл, жалпы алғанда, Қазақстан үшін де үлкен жетістік.