Кері қайту
Avtoelоn
14 мамыр 2026

Avtoelon.uz бизнестің тиімділігін арттырып және сатып алушылар үшін жаңа автомобильдерді кредитке алуды жеңілдетеді

Avtoelon.uz жаңа «Ресми дилерлер» бөлімі дилерлерге клиенттер шеңберін кеңейтуге, ал сатып алушыларға — жаңа автомобильдерді таңдау және тиімді шарттармен кредитке ресімдеуді жеңілдетеді.

Авто сатуды көздейтін бизнесмен үшін клиенттердің сапалы ағыны болуы маңызды. Ал салоннан жаңа автомобиль алғысы келетін автоәуесқойға көлікті таңдау үшін, дилерлердің ұсыныстарында маркаларын, модельдерін және бағаларын салыстыру керек. 

Avtoelon.uz ай сайын 2 миллион сатушы мен сатып алушыларға бір-бірін тауып, қарым-қатынасқа түсуге көмектеседі. Іздеу шеңберін азайтып және салондағы жаңа автомобильді сатып алуға көмектесу үшін компания жаңа  «Ресми дилерлер» бөлімін әзірлеп және қолданысқа берді. Жаңа бөлімнің құндылығы — дилерлерге мүдделі клиенттерді  көбейтуге мүмкіндік беру. Сонымен бірге,  адамдарға армандарына қол жеткізіп, салоннан жаңа көлікті оңтайлы шарттармен алуға жағдай жасайды. 


 

 

«Ресми дилерлер» бөлімінде қандай мүмкіндіктер пайда болды

Бөлімде жаңа автомобильдерге қатысты Өзбекстанның ресми дилерлері ұсынған барлық өзекті ақпарат бір жерге жинақталған.

Кәдімгі оқиға: Самандардың арманы жаңа BYD, бірақ қайдан және қалай алған дұрыс екенін білмейді. Ағасы  Avtoelon.uz онлайн қарауға кеңес берді. Оның көзіне ең бірінші түскені — негізгі экранда жаңа «Ресми дилерлер» бөлімі пайда болған. Самандар оны таңдады  —  фильтрлері бар жолақ және дизайны ыңғайлы хабарландырулар жолағы пайда болды. Авто туралы барлық ақпарат, кредит сомасы барлығы бірден көрінеді. Фотосуреттері көбірек, оларды хабарландырудың өзіне кірместен галереяның өзінде парақтауға болады. Барлығы бір жолақта: жаңа авто бойынша түрлі ұсыныствр, кредит шарттары. Бағаларын салыстырып, диванда шай ішіп отырып-ақ таңдауға болады. 

 


 

Жаңа автомобильдердің  хабарландыру карточкасында не бар:

  1. Отын типі, жетегі, қол жетімді түстері мен беріліс қорабы қамтылған сипаттамалары. 
  2. Толымдалуы туралы ақпарат.
  3. Осы модельді сататын барлық автосалондар (Өзбекстанның түрлі қалаларынан).
  4. Кредит калькуляторы.

Кредит калькуляторы — бұл автодилерлер үшін де жаңа мүмкіндік. Калькулятор өтініш қалдыру нысанымен біріктірілген. Өтініштер тікелей менеджерге жіберіледі. 

Оның тиімділігі неде? 

 «Ресми дилерлер» бөліміне адамдар жаңа көлік алу үшін арнайы кіреді. Бұл тиімді өтініштерді жинақтайтын мақсатты трафик. Автодилерлердің кері байланысына сүйенсек  По өтініштер саны еселеп артқан. Сонымен қатар, Avtoelon.uz  автодилерлерге  жеке алаңдары мен маркетинг құралдары арқылы өз имиджін орнықтыруға ықпал етеді. 

Avtoelon.uz алдағы уақытта «Ресми дилерлер» бөлімін дамыту бойынша амбицияға толы жоспарлары бар: 

  • біріншіден, жекелеген дилерлік орталықтардан дербестендірілген кредит шарттары. Әлеуетті сатып алушылар үшін бұл жаңа авто іздеуді жылдам және тиімді етеді. 

екіншіден,  Avtoelon.uz қосымшасының өзінде жаңа көліктерге бейне шолу және жасанды зияткерлік базасындағы ұсыныс жүйесі қарқынды әзірлену үстінде. 

Тэгтер:
Avtoelоn
Бөлісу