Junior QA-инженер
Өтінімді қабылдау 2026 жылдың 8 шілдесіне дейін
Басталу күні 13 шілде 2026
Келесі мақсаты бар мамандар үшін
IT мансабын бастау
Применить знания на практике в IT-продуктах
Kolesa Group командасының құрамына кіру
Kolesa Academy шарттары
Ұзақтығы
2 айлық тағылымдама
Еңбекақы
Қолға айына 150 000 ₸ төлейміз
Локация
Алматы кеңсесінде офлайн
Жұмыс кестесі
- 09:00–18:00
- Дүйсенбі – жұма
Техника
Тағылымдама кезінде ноутбук беріледі
Тұру
Алматыда тұрмасаң, тағылымдама кезінде баспана береміз
Kolesa Academy-дағы тағылымдамадан қалай өтуге болады
- 1Толтыру
Өтінім қалдыру
Сұрақтарға жауап бер де, түйіндемені жүкте
- 2
Тест тапсырмасы
Поштаңа тест тапсырмасы бар хат келеді. Тапсырманы ашуға 3 күн беріледі және оны орындауға 1 ғана мүмкіндік бар. Ашқан соң, оны орындауға 3 сағат беріледі - 3
Телефон арқылы сұхбат
Егер тест тапсырмасы дұрыс орындалса, негізгі сұрақтарды талқылау үшін саған 10 минутқа қоңырау шаламыз
- 4
Онлайн-сұхбат
Жетекшімен танысып, өзің туралы айтасың
Адамдардың бойында нені бағалаймыз
Командамен жұмыс
Алғашқы күннен бастап жаныңда қолдауға дайын әріптестер болады. Сендерді ортақ мақсат пен нәтиже біріктіреді. Себебі «меннен» гөрі «біз» әлдеқайда көпке жете аламыз
Даму ниеті
Біз дамуға ұмтылатын адамдарды бағалаймыз. Соның арқасында өнімдерімізді жақсартып, жаңа технологияларды игереміз, өзіміз де үйреніп, білімімізді өзгелермен бөлісеміз
Нәтижеге бағыттау
Біз нәтиже үшін жұмыс істейміз. Бизнесімізді өнімдер мен олардың миллиондаған пайдаланушыларға әкелетін пайдасының айналасында құрамыз
Үміткерлерден не күтеміз
Тағылымдамада не болады
Негіздерді үйрену
Тестілеу негіздері бойынша дәріс өтіп, біліміңді практикалық тапсырмаларда бекітесің
Командада жұмыс істеу
Өнім командасына қосылып, бағытыңды таңдап, ментордың қолдауымен шынайы тапсырмаларды орындай бастайсың
Нәтижені бағалау
Тағылымдама нәтижесінде үздіктер Kolesa Group-тан оффер алады
Тағылымдамаға қалай дайындалу керек

БҚ тестілеу негіздері
Түрлері, типтері, тестілеу әдістері және оларды пайдаланатын салалар
Тестілеу құжаттамаларының түрлері
Тест-кейстер, чек-парақтар, баг-репорттар, тест-жоспарлар
Клиент-сервер сәулетінің негіздері
Өтінімдер, жауаптар, АРІ негіздері мен дерек беру хаттамалары
Бұдан да көп пайдалы материалдарды Kolesa Recommend-тен табасың
Junior QA-инженер тағылымдамасы
Өтінімді қабылдау 2026 жылдың 8 шілдесіне дейін
Басталу күні 13 шілде 2026
Сұрақтарыңыз бар ма?
- Іріктеуден өту үшін нені білу керек?
Тағылымдама теория базасы бар адамдарға арналған.
Өзің өтінім беріп жатқан бағытыңның талаптарымен танысып шық
- Бірден бірнеше бағытқа өтінім беруге бола ма?
Иә, бірақ іріктеуден тек бір бағыт бойынша ғана өте аласың :)
Бір бағытты таңдап, сол бағытта дамуға көңіл бөлуді ұсынамыз
- Мен тағылымдамадан кейін жұмысқа орналаса аламын ба?
Kolesa Academy түлектерінің көбісі Kolesa Team-нің құрамына кіреді.
Басқалар өздерің Қазақстанның басқа топ-компанияларыңда оңай табады — Академия түлектерінің 94%-ы IT саласында жұмыс істеуді жалғастырады
- Мен өтінім қалдырдым. Кері байланыс қашан болады?
Өтінім қалдырған соң поштаңа нұсқаулық пен тест тапсырмасы бар хат келеді. Біз саған міндетті түрде хабарласамыз. Өтінімді қайта жіберудің қажеті жоқ :)
Іріктеу шарттары мен кері байланысқа қатысты сұрақтарың болса, academy@kolesa.kz поштасына немесе Kolesa Group-тың Instagram парақшасына жаза аласың
- Тағылымдаманы университеттегі оқумен қатар өтуге бола ма?
Иә, егер университетпен келісіп, Алматыдағы кеңседе full-time форматта жұмыс істейтін мүмкіндігің болса