Қазақстандағы аналитиктер нарығын зерттеу
Қазақстандағы деректер аналитикасы нарығы қарқынды дамып келеді. Компаниялар аналитикаға жиірек инвестиция құйып жатыр, бұл білікті мамандарға деген сұранысты арттырып, жалақы деңгейіне әсер етеді. Бұл зерттеу 2025 жылғы аналитиканы қамтиды.

Зерттеу әдістемесі
Сауалнама junior-дан senior-ға дейінгі әртүрлі деңгейдегі 318 маман арасында, сондай-ақ IT-басшылар арасында жүргізілді, бұл жалақының объективті көрінісін алуға мүмкіндік берді.
Аналитиктердің демографиясы мен географиясы
Мамандардың жартысына жуығы (47%) 26–35 жас аралығында. 18–25 жас аралығындағы жастар – 44%. 36 жастан асқан аналитиктер айтарлықтай аз – 9%.
Негізгі географиясы Алматыда шоғырланған: мамандардың 69%-і осында жұмыс істейді. Астанада — 26%, Шымкентте — 1%. Тағы 2% талдамашы Қазақстанның басқа қалаларында, 2% — ТМД елдерінде тұрады.
Жынысы бойынша келесідей бөлінеді: ерлер — 73%, әйелдер — 27%.
Маңызды: бұл деректер Қазақстандағы бүкіл аналитиктер нарығын емес, зерттеуге қатысқан респонденттердің портретін көрсетеді.



Жұмыспен қамтылу және компаниялар типі
Мамандардың басым бөлігі (67%) қазақстандық компанияларда жұмыс істейді.
• 25% — Қазақстанда кеңселері бар халықаралық компанияларда.
• 8% — шетелдік компанияларда қашықтан.
Қашықтан жұмыс істеу форматының өсуіне қарамастан, аналитиктер нарығы негізінен жергілікті.

Аналитиктердің профилі
2025 жылы көш бастап тұрған деректер аналитикасы – жүйелік, бизнес, тәуекел және маркетингтік (48%). 2024 жылмен салыстырғанда DWH мамандарының саны 21%-ке, ал ML бағытындағы мамандардың саны 5%-тен 8%-ке дейін өсті. Басқа мамандандықтарға қаржы аналитиктері, сервис-аналитиктер, data governance пен data mining мамандары жатады.

Тәжірибе, грейдтер және жалақы
Деректер аналитикасы нарығы салыстырмалы түрде жас, бірақ middle-мамандардың тұрақты тобы қалыптасып үлгерді. 2–5 жылдық тәжірибесі бар мамандар көбірек — 54%. Олардан кейін 1–2 жылдық тәжірибесі бар аналитиктер келеді — 19%. Сонымен қатар мамандардың 16%-і бұл салада 5–10 жыл аралығында жұмыс істеп келеді.
Сұралғандардың басым бөлігі Middle (40%) және Senior (31%) грейдтеріне ие.


Бағыт бойынша орташа жалақы (теңгемен):
• ML — 1 330 000 (медиана — 1 060 000, максимум — 3 480 000)
• Data Science — 1 150 000 (медиана — 930 000, максимум — 3 000 000)
• DWH — 1 120 000 (медиана — 970 000, максимум — 2 600 000)
• Деректер аналитикасы (жүйелік, бизнес, тәуекел және маркетингтік) — 1 000 000 (медиана — 780 000, максимум — 3 100 000)
• BI — 910 000 (медиана — 850 000, максимум — 1 520 000)
• Басқа мамандықтар (қаржы аналитиктері, сервис-аналитиктер, data governance, data mining) — 1 020 000 (медиана — 650 000, максимум — 3 500 000)
ML және Data Science бағыттарындағы мамандардың табысы ең жоғары.

Жалақыны көтеру және сыйақы беру
Аналитиктердің көпшілігіне жалақыны жарты жылда немесе жылына бір рет қайта қарайды. Ал сыйақы берудің ең көп таралған форматы — жылдық бонус (44%).


Қорытынды
Қазақстандағы деректер аналитикасының нарығы дамуын жалғастыруда. Жұмыс берушілерге қазірден бастап келесіні ойластыру қажет:
1. Мансаптық грейдтердің ашық жүйесі.
2. Сыйақы берудің жүйелі әрі айқын форматтары.
Бұл қадамдар компанияларға тәжірибелі аналитиктерді ұстап қалуға және жаңаларын тартуға көмектеседі.
Зерттеуді әріптестеріңізге көрсетіңіз. Ал егер де аналитика саласында дамып, Kolesa.kz, Krisha.kz немесе Avtoelon.uz сияқты ауқымды өнімдермен жұмыс істегіңіз келсе, Kolesa Group-тағы мансап мүмкіндіктерін қараңыз.