Kolesa.kz-тегі сұраныс бойынша топ-10 көлік: Астанадағы жаңа көліктер туралы шара қалай өтті
13 қараша күні Kolesa.kz «Жаңа көліктер» бөлімінің жаңаруын таныстырып, 2025 жылы сатып алушылар жиі іздейтін модельдерді көрсетті.

Кездесу Астананың дилерлеріне арналды. Қатысушылар нарықтағы қазіргі жағдайды талқылап, автокөліктерді алға жылжыту бойынша сұрақ қойды және көліктердің маркасы мен моделіне сұраныс бойынша сараптаманы зерттеді.

Kolesa.kz «Жаңа көліктер» бөлімін 2021 жылдан бері дамытып келеді. Төрт жылда бөлімге Қазақстандағы көлік салондарының 90%-ы қосылды, ал бір айда 4 мыңнан астам хабарландыру шығады. Бөлімде дилерлердің ұсыныстары шоғырланған, ол жиынтықтарды зерттеп, салыстыруға, фото және бейне материалдарды қарауға және бөлімдегі 40 мыңнан астам шынайы пікірмен танысуға көмектеседі.
Жыл сайын бөлімге орта есеппен бұрын айдалмаған көлік іздейтін бір миллион сатып алушы кіреді.
«Жаңа көлікті сатып алу көбінесе Kolesa.kz-тен басталады: пайдаланушылар алдымен ескі көлігін сатуға қояды да, сосын жаңасын таңдауға кіріседі. «Жаңа көліктер» бөлімі адамдарға Қазақстан нарығынан өз бюджетіне және талғамына сай келетін көлік нұсқаларын тез табуға көмектеседі», - дейді Kolesa Group-тың коммерциялық директоры Наталья Сочивко.
Кездесуде сервис командасы лидтік модельді – сатып алушылардың өтініштерімен жұмыс істеудің жаңа тәсілін таныстырды. Ол құрал дилерлерге тек расталған қоңыраулар мен хабарламаларға ғана ақы төлеуге мүмкіндік береді, оларды жүйе тіркеп, тексеріп отырады. Модель пакеттік хабарландыруларды толықтырып, серіктестердің шығындарын пайдаланушылардың шынайы сұраныстарымен байланыстырады. Мұндай формат өтініштерді қарастыруды тездетіп, дилерлер мен сатып алушылар арасындағы байланысты түсініктірек етеді.

«Пайдаланушылар берген кері байланыс өнімді жақсартуға септігін тигізеді. Бөлімнің жұмысын дилерлермен және сатып алушылармен талқылау үшін команда Қазақстанның түрлі қалаларына барады. Осылайша лидтік модель жобасы пайда болды», - деп атап өтті Kolesa.kz-тің «Жаңа көліктер» өнімінің жетекшісі Ербол Шомбинов.
Жаңа көліктерге сұраныс бойынша сараптама бағдарламаның негізгі бөлігі болды. Рейтингке сатып алушылардан ең көп хабарлама алған модельдер кірді:
- Changan X5 Plus — рейтингте алдыңғы қатарда
- Chevrolet Monza
- Chevrolet Cobalt
- Changan CS55 Plus
- BYD Destroyer 05
Алғаш рет ондыққа қытайлық модельдер, соның ішінде өтінімдер бойынша көштің басында тұрған Changan X5 Plus кірді.
Гибридтік көліктерге қызығушылық артты: хабарландырулар саны 2024 жылмен салыстырғанда 105%-ға, қоңыраулар мен хабарламалар саны 133%-ға артты, бөлімдегі гибридтер үлесі 18.3%-ға жетті.
«Аналитика дилерлерге сатып алуышылармен жұмыс жүргізуге және жеткізуді нақты жоспарлауға көмектеседі, сондықтан бізге оны серіктестерімізге бөлісудің маңызы зор», - деп қорытындылады Kolesa.kz-тің Product Marketing Manager-і Фархат Замнитдинов.
Kolesa.kz «Жаңа көліктер» бөлімін жаңарта береді: команда аналитикалық блокты кеңейтіп жатыр, өтінімдерді өңдейтін жаңа құралдар енгізіп, сатып алушылар керек автокөлікті тез табуы және дилерлер аудиторияның сұранысымен нақты жұмыс істеуі үшін техникалық шешімдерді жақсартып жатыр.